Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2138 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 508 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 229 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 2138 тiркелген,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк
серiктестiктердiң және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен
қаржылық есепке қосымша мәлiметтер беру тiзбесi, нысандары мен
мерзiмдерi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы
23 желтоқсандағы № 508 қаулысына өзгерiс пен толықтыру
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 229 қаулысы

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 438 қаулысымен күші жойылды


Қазақстан Республикасы қаржы секторының шолуын халықаралық талаптарға сәйкес жасау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәлiметтер беру тiзбесi, нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 508 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2138 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 27 қаңтар - 9 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Кредиттiк серiктестiктердiң және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәлiметтер беру тiзбесi, нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықта:

2-тараудың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "1-4-қосымша" деген сөздер "1-5-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

Кредиттiк серiктестiктердiң және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәлiметтер беру тiзбесi, нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулыққа 4-қосымша мынадай редакциядағы 700-НО нысанға 5-қосымшамен толықтырылсын:

                                           700-НO нысанға 5-қосымша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.