Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі
арасындағы Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасының шекарасы -
Атырау (Ақтөбе - Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы
өтетiн шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы жөніндегі бiрлескен ic-қимыл
туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 20 тамыздағы № 835 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасының шекарасы - Атырау (Ақтөбе - Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы жөнiндегі бiрлескен iс-қимыл туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасының шекарасы - Атырау (Ақтөбе - Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы жөніндегі бiрлескен iс-қимыл туралы келісімге қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |