Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 837 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Экономикалық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесiн «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 488 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 160-құжат):
2-тармақта:
«, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiктiң құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын» деген сөздер алынып тасталсын;
«Экономика» деген сөзден кейiн «және бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен толықтырылсын;
4) «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 541 қаулысында:
2-тармақта:
«, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысы бойынша мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы органы» деген сөздер алынып тасталсын;
«сауда» деген сөз «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1116 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы № 653 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 230-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 589 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 208-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қазандағы № 1332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 464-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және өз күшiн «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорынына қатысты 2002 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданады.
Қазақстан Республикасының