«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы
(2006.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы № 165 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоспары) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың әрi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретін, мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоспарында белгiленген іс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Орталық атқарушы органдар екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі Министрлiктiң (Агенттiктiң) iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Министрлiктiң (Агенттiктiң) жоспары) әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң басшылығымен келісім бойынша мiндеттердi бөлуге сәйкес бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде Органның, облыстың, Астана және Алматы қалаларының iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Органның, облыстың (қаланың) жоспары) әзiрлесiн және бекiтсiн.
5. Орталық, жергiлiктi атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты әрi есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
он күн мерзiмде бекітілген Министрлiктiң (агенттiктiң) жоспарын және Органның, облыстың (қаланың) жоспарын Қазақстан Республикасының Yкіметіне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жiберсiн;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей мыналарды берiп отырсын:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі жоспарының iс-шараларын орындаудың барысы туралы ақпарат;
2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, министрлiктiң (агенттiктiң), органның, облыстың (қаланың) жоспарларын орындау негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырудың барысы туралы жалдамалы ақпарат.
6. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне мыналарды берiп отырсын:
1) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жоспары iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы жиынтық жалдамалы ақпарат.
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары тоқсан сайын мiндеттердi бөлуге сәйкес тиiстi министрлiктер (агенттiктер) жоспарларының орындалу барысы туралы орталық атқарушы органдар басшыларының ақпаратын тыңдап отырсын.
8. Мыналар:
1) iс-шаралардың жауапты орындаушылары болып табылатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар әрi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша) жылына екi рет, 5 маусымға және 5 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоспарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстap енгiзе алады;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі қажет болған ретте жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиiстi шешiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзедi;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар әрi Қазақстан Республикасының Президентiне бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоспарына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар негiзiнде өздерiнiң жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзе алады деп белгiленсiн.
9. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының