Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі № 264 қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 26.12.03 ж. № 488; ҚР ҚҚА Басқармасының 12.07.04 ж. № 202; 2004.27.12. № 382; 2005.19.04. № 134 қаулыларымен қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі № 264 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 26.12.03 ж. № 488; ҚР ҚҚА Басқармасының 12.07.04 ж. № 202;
2004.27.12. № 382; 2005.19.04. № 134 қаулыларымен қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.30.07. № 273 қаулысымен күші жойылды

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (1-қосымша) бекітілсін.

2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап алты ай ішінде екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға және халықаралық қаржы ұйымдарының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарына инвестициялардың мөлшерін Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінің 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтірсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.