Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 925 қаулысы (2005.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

22. Запаста болудың шектi жасына жеткен азаматтардың немесе әскери есептен шығарумен денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтардың жеке карточкаларында "жасы бойынша әскери есептен шығарылды" немесе "денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарылды" деген белгi жасалады.

23. Қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлімдер) ұйымдардағы әскери есептiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 08.12.03 ж. № 1242 қаулысымен 24-тармақ алып тасталды

24. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде ұйымның әкiмшiлiгi әскери есепке алумен, шақыру учаскесiне тiркеумен, мерзiмдi әскери қызметке немесе келісім-шарт бойынша қызметке шақырумен, оқу жиындарына тексеру немесе арнаулы жиындарға, сондай-ақ командирлiк сабақтарға шақырумен байланысты мiндеттердi орындау уақытында белгіленген тәртiппен әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды жұмыстан босатады.

Көрсетiлген мiндеттерi орындауға тартылатын азаматтардың олардың тұрақты жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысы сақталады. Көрсетiлген адамдар шақыру туралы шақыру қағазын алған күнiнен бастап жиындардан (командирлiк сабақтардан) келгенге дейiн жұмыстан шығарылуға жатпайды.

25. Ұйымдардың лауазымды тұлғалары меншiк нысанына қарамастан осы Ереженi бұзғаны үшiн қолданылып жүрген заңнамалық кесiмдерге сәйкес әкімшілік жауапкершілiкке тартылады, "жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

4. Әскери есептiң құжаттары

26. Әскери есептiң құжаттары азаматтар туралы мынадай мәлiметтерден тұрады:

1) тегi, аты және әкесiнiң аты;

2) әскери атағы;

3) туған күнi;

4) ұлты (қалауы бойынша көрсетiледi);

5) тұрғылықты жерi;

6) отбасы жағдайы;

7) білімi;

8) жұмыс орны;

9) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы;

10) негiзгi антропометрикалық деректерi;

11) әскери қызметтi өткеруi;

12) әскери жиындардан өтуi;

13) шетел тiлдерiн бiлуi;

14) әскери-есептiк және азаматтық мамандықтарының болуы;

15) спорттық разрядының немесе спорттық атағының болуы;

16) әскери мiндеттiнiң жұмылдыру кезеңiне және соғыс уақытына мемлекеттік органдарға немесе ұйымға броньдалуы.

27. Әскери мiндеттiлерге әскери билет (әскери билеттiң орнына берiлген уақытша куәлiк), ал шақырылушыларға әскери учаскеге тiркеу туралы куәлiк беріледi.

Әскери қызметшiлердiң жеке куәлiктерi, әскери билеттерi (әскери билет орнына берiлген уақытша куәлiктерi), шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктерi бланкілерiнiң және әскери есептiң басқа да құжаттарының нысандарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзiрлейдi және қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жiбередi.

Әскери қызметшiлердiң жеке куәлiктерiнiң, әскери билеттерiнiң (әскери билет орнына берiлген уақытша куәлiктерiнiң) және шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктерiнiң бланкiлерi, жұмылдыру кезеңіндегі және соғыс уақытындағы әскери қызметке шақыруы кейiнге қалдырылғаны туралы куәлiктердiң бланкiлерi, сондай-ақ арнайы әскери есепке тiркеу туралы хабарламаның бланкiлерi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң тапсырысы бойынша жасалады. Көрсетiлген құжаттар қатаң есептегi құжаттар болып табылады және оларға бөтен адамдарға рұқсат етiлмейтiн тәртiппен сақталады.

Ұйымдардағы азаматтардың әскери есебiн жүргiзу жөніндегі құжаттарын ұйымдар жасайды.

28. Азаматтарға әскери билеттер мен шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктi алғашқы беру өтеусiз жүргiзiледi.

Азаматтар шетелге тұрақты түру үшiн кеткен кезде әскери билеттi (әскери билет орнына берiлген уақытша куәлiктi) және шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктi олар қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) қайтаруы тиiс.

 ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен  5  бөлімнін тақырыбы және мәтіні  өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, қаржы полициясы,

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі ,

кедендiк бақылау, Әділет  министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi,

Қазақстан Республикасы  Президентінің Күзет қызметi органдарында қызмет өткеретiн

Қазақстан  Республикасының азаматтарын есепке алу тәртібі және ерекшелiктерi

 

ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 қаулысымен 29-тармақ өзгертілді

29. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттiгi (қаржы полициясы), Кедендiк бақылау агенттiгi,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі жүйелерiнiң жоғары және орта арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі ,  кедендiк бақылау, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi органдарында қызмет өткеретiн әскери мiндеттiлердi есепке алу көрсетілген органдарда осы Ережемен айқындалатын тәртiпте жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қаржы полициясы агенттiгi, Кедендiк бақылау агенттiгi,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі жүйелерiнiң жоғары және орта арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, қаржы полициясы,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі,  кедендік бақылау, Әділет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi органдарына қызметке қабылданған азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларда (бөлiмдерде) әскери есептен шығару екі данада атаулы тiзiмдердi және әскери билеттердi қоса берумен, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жiберiлетiн көрсетiлген органдардың дәлелдi қолдаухаты бойынша жүргiзіледi.

Қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлiмдер) азаматтардың әскери есеп құжаттарында әскери есептен шығару туралы белгi жасайды. Әскери есептен шығару туралы белгiсiмен әскери билеттер, атаулы тiзiмдердiң бiр данасы, ал запастағы офицерлердiң жеке iстерi мен қызметтiк карталары қолдаухат жiберген ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, қаржы полициясы,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі кедендiк бақылау, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi органдарына қайта жiберiледi.

Азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, қаржы полициясы,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі , кедендiк бақылау, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi органдарының қызметiнен босату кезiнде оларға 6-қосымшаға сәйкес нұсқама берiледі және осы азаматтарды әскери есепке тұру үшін тұрғылықты жері бойынша қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жетi күндiк мерзiмде келуiн міндеттейді және олардың босатылғаны туралы қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларды (бөлiмдердi) жазбаша хабардар етедi.

Қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі , кедендiк бақылау, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару комитетi органдарынан босатылған азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қаржы полициясы агенттiгi, Кедендiк бақылау агенттiгi,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі , жүйесiнiң жоғары және орта арнайы оқу орындарынан үлгермеушiлiгi, тәртiпсiздiгi, оқығысы келмегендiгi және басқа негіздер бойынша шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар, сондай-ақ келісім-шартты бұзғандар, бiрақ 27 жасқа толмағандар тұрғылықты жерi бойынша шақырылушылардың әскери есебiне қабылданады.

30. Iшкi iстер, қаржы полициясы,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі , кедендiк бақылау, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi тиiстi органдарының басшылары жыл сайын 1 ақпанда (ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша) өзi тұрған жерi бойынша қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) көрсетілген органдарда қызмет өткеретін әскери мiндеттiлердiң саны туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілейтiн нысан бойынша ұсынады.

Iшкi iстер, қаржы полициясы,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі , кедендiк бақылау, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi органдарында қызмет өткepeтiн азаматтардың саны туралы мәлiметтер оларға бөтен адамдарға рұқсат етілмейтiн жергiлiктi жерлерде қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларда (бөлiмдерде), мөр қойылған түрде сақталады. Көрсетiлген құжаттармен жұмыс iстеуге тек қорғаныс iстерi жөніндегі басқарма (бөлiм) бастығының бұйрығымен белгіленетiн адамдарға рұқсат етіледi.

31. Iшкi iстер, қаржы полициясы,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі , кедендiк бақылау, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi органдарында қызмет өткеретiн азаматтарды әскери есепке алудың жүзеге асырылуын бақылау қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жүктеледi.

 

6. Жұмысының сипаты мен жағдайлары тұрақты тұрғылықты жерiнен

шығумен байланысты немесе шалғай жерлерде жұмыс iстейтiн азаматтарды

әскери есепке алудың ерекшелiктерi

32. Теңiз және өзен кемелерiнде жұмыс iстейтiн, порттарына осы кемелер тiркелген елдi мекендерде тұрақты тұратын азаматтар тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұрады.

Теңiз және өзен кемелерiнде жұмыс iстейтiн, осы кемелер порттарына тiркелген елдi мекендерде тұрақты тұрмайтын азаматтар тиiстi кеме басқармасының, басқарманың кадр органдарының орналасқан жерi бойынша әскери есепте тұрады.

33. Далалық геологиялық және топографиялық-геодезиялық ұйымдарда, iздестiру, барлау, түсiру, гидрогеологиялық, геофизикалық, орман және жер құрылысы экспедицияларында, партиялар мен жасақтарда, желілiк құрылыс-монтаждау және арнайы поездарда, жол және машина станцияларында, көшпелi механизацияланған және мамандандырылған колонналарда, тоннельдiк, көпiр салу, жүзу жасақтарында (учаскелерiнде), құрылыс-монтаждау және iске қосу-жөндеу ұйымдарында, механизация басқармаларында және су асты техникалық жұмыстарда, мұнай және газ өндiру кәсiпорындарында, сондай-ақ оларға теңестiрiлген басқа да ұйымдарда жұмыс iстейтiн және жұмыс орындарында тұрақты тұрмайтын азаматтар осы ұйымдардың тұратын жерi бойынша әскери есепке алуды жүзеге асыратын органдарда әскери есепте тұрады.

Көрсетiлген ұйымдарға жұмысқа қабылданатын азаматтарды әскери есепке тұрғызуды немесе жұмыстан босатылатын азаматтарды әскери есептен шығаруды осы ұйымдардың әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

7. Әскери есепке алу жөніндегі мiндеттердi орындамағаны үшін

азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілiгi

34. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Ережемен белгіленген әскери есепке алу жөніндегі мiндеттердiң орындалмауына кiнәлi азаматтар мен лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапкершілікте болады.

Қазақстан Республикасына

әскери мiндеттiлер мен

шақырылушыларды әскери есепке

алу ережесіне 1 қосымша

      № ___ команда  Келу уақыты _______№ участок Бағыты ________
      ___________________________________________________________
      Салыстырылған күнi ____________    ________________________
                          (ҚIБ-мен)         (№ T-2 н-мен)
      _____________                ӘЕМ №______________
      (туған жылы)
                     Бастапқы есепке алу карточкасы
      __________________________________________________________
                   (тегi, аты, әкесiнiң аты)
      __________________________________________________________
                                        Саптық
      Есепке алу тобы ___________       Саптық емес
      Әскери атағы ______________       (керегiнiң асты сызылсын)
      Бiлiмi ___________________________________________________
                       (жалпы, арнайы, әскери)
      Азаматтық мамандығы ______________________________________
      Жұмыс орны мен лауазымы __________________________________
      Тұрғылықты жерi __________________________________________
      Отбасы құрамы ____________________________________________
                          (кәмелетке толмаған балаларының
      __________________________________________________________
                    туған жылы қосымша көрсетiлсiн)
      __________________________________________________________
      Денсаулық жағдайы (саптық емес қызметке жарамды әскери
      мiндеттiлер үшiн) 20__ ж. "___" ________ _________________
      ______________________________________________ жанындағы
      комиссия Аурулар кестесiнiң (Қазақстан Республикасы Қорғаныс
      министрiнiң _______ ж. № ____ бұйрығы) _______ тобы, _____
      бабы ____ бойынша ________________________________________
      ______________________ деп танылды.
      __________________________________________________________
      20 __ ж. "___" _________ қайта куәландыруға жатады.
            Жұмылдыру нұсқама құжатында көрсетiлген құжаттармен
      және заттарыммен ____________________________________ дереу
      келу туралы маған ____ сағ. ________ минутта хабарланды.
      20____ ж. "____" _______  Қолы __________
            Бастапқы есепке алу карточкасының сыртқы беті
                     Әскери есепке қабылдау және одан
                   шығару (алып тастау) туралы белгілер
 
 
 
      _____________________        ________________________
      (тегі және аты-жөні)          (әскери есеп жүргізу
                                     жүктелген жергілікті
                                       атқарушы орган
                                     қызметкерінің қолы)
      20__ж. "___"____________

Қазақстан Республикасына

әскери мiндеттiлер мен

шақырылушыларды әскери есепке

алу ережесіне 2 қосымша

№ Т-2 нысаны

_______________________
   кәсіпорын, ұйым
                      № _____ Жеке карточка
                                                  Коды
                                     
 
 
 
                        І. Жалпы мәліметтер
1. Тегі _________________________   7. Диплом (куәлік) бойынша
аты _____________________________   біліктілік ____________________
Әкесінің аты ____________________   8. ____________________________
2. Туған жылы ___ айы ___ күні___      негізгі кәсібі (мамандығы),
3. Туған жері ___________________   _______________________________
_________________________________      осы мамандық бойынша жұмыс
4. Ұлты (тұлғаның қалауы бойынша)               өтілі
_________________________________   9. Жалпы жұмыс стажы __________
5. Білімі:                          10. Үздіксіз стажы ____________
а)_______________________________   11. ___________________________
    жоғары, жалпы орта, орта            соңғы жұмыс орны, лауазымы,
  арнаулы, толық емес орталау,      _______________________________
       бастауыш (сыныбы)               босатылған күні және себебі
б)_______________________________   12. Отбасылық жағдайы _________
  жоғары немесе орта арнаулы оқу                     отбасы құрамы,
_________________________________   _______________________________
  орнының атауы және бітірген         әрбір отбасы мүшесінің туған
             уақыты                 _______________________________
в)_______________________________       жылын көрсете отырып
 училищенің, кәсіптік техникалық    13. ___________________________
_________________________________   14. ___________________________
білім беру мектебінің атауы және    15. ___________________________
        бітірген уақыты             16. ___________________________
г) оқу түрі: күндізгі, кешкі,
сырттай (керек емесі сызылсын)      17. Жеке куәлік № _____________
д)_______________________________       Кім берді _________________
6. Диплом (куәлік) бойынша              Берілген күні _____________
мамандығы
_________________________________   18. Тұратын мекен-жайы ________
 жоғары немесе орта арнаулы оқу     _______________________________
  орындарын бітіргендер үшін
_________________________________
"____"ж."____"___________________   Телефоны _____________________
№ _________ диплом (куәлік)
Толтырған күні:
"____" ж."____"__________________   Қолы ______________________
               ІІ. Әскери есеп туралы мәліметтер
Есепке алу тобы _________________   № ___ Әскери-есептік мамандық
Есепке алу санаты _______________   Әскери қызметке жарамдылығы ___
Құрамы __________________________   Тұрғылықты жері бойынша қорғаныс
                                    істері жөніндегі басқарманың
Әскери атағы ____________________   (бөлімдердің) атауы ___________
                                    № ___________ арнайы есепте тұр