Жоба
ҚР 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 518-ІІ Заңымен бекітілді
Бейресім аударма
ЖЭҚ Сенімгерлік қорының гранты N TF052161-KZ
Жаһандық Экологиялық Қор
Қазақстан Республикасы
мен
Жаһандық Экологиялық Қордың Атқарушы Агенттігі
ретінде әрекет ететін
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы
Сенімгерлік қорының гранттық келісімі
(Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба)
26 қыркүйек, 2003
ЖЭҚ Сенімгерлік қорының гранты N TF052161-KZ
Қазақстан Республикасы (Алушы) мен Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (Банк) арасындағы Банктiң кейбір өкілдерiнiң ЖЭҚ мүшелерi ретiнде ЖЭҚ сенiмгерлiк қорына берген гранттық қаражатына қатысты 2003 жылғы, 26 қыркүйек ЖЭҚ Сенімгерлік Қорының Гранттық келісімі.
(А) Банк Банктiң атқарушы директорларының 1991 жылғы 14 наурыздағы № 91-5 шешiмiне сәйкес жаһандық қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету және осылайша, экологиялық негiзделген және тұрақты экономикалық дамуды алға жылжыту жөнiнде Жаһандық Экологиялық Қор құрғандығын;
(В) ЖЭҚ қайта құрылымдалғаннан кейiн, Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 1994 жылғы 24 мамырдағы № 94-2 шешiмi негiзiнде қабылданған мұндай шаралар Сенімгерлiк Қорын құрғандығын және Банктi ЖЭҚ Сенімгерлiк қорының қамқоршысы қылып сайлағандығын (№ 94-2 шешiм);
(С) ЖЭҚ Сенімгерлік Қорының екiншi толықтыруы Банктiң Директорлар Кеңесінің 1998 жылғы 14 шiлдедегi № 98-2 шешiмi негiзiнде мақұлданғандығын (№ 98-2 шешiм);
(D) ЖЭҚ Сенімгерлiк Қорының үшiншi толықтыруы Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсанындағы № 2002-0005 шешiмi негiзiнде мақұлданғандығын (№ 2002-0005 Шешiм);