«Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерінкейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002жылғы 10 қазандағы № 155, № 2021 бойынша тіркелген бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 182 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 103 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 2021 болып тіркелген) 2002 жылғы 10 қазандағы № 155 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2, 3 тармақтарда:
«Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мен жинақтау басқармасына» деген сөздер «Заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментіне» деген сөздермен ауыстырылсын»;
5 тармақта:
«Қазақстан Республикасының Әділет вице-Министрі Р.Ш. Шамсутдиновке» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Әділет вице-министріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулыққа:
3-тармақтың екінші абзацында:
«Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мен жинақтау басқармасына (бұдан әрі - Басқарма)»деген сөздер «Заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментіне (бұдан әрі - Департамент)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«Басқарма», «Басқармада» деген сөздер «Департамент», «Департаментте» деген сөздермен ауыстырылсын;