Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі № 194 бұйрығы (2010.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі № 194 бұйрығы

(2010.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 71-бабын іске асыру және бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыруын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу мақсатында, Бұйырамын:

1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесі бекітілсін.

ҚР Әділет министрінің 2010.22.12. № 341 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қылмыстық-атқару жүйесінің облыстар және Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылығы осы Ережені бөлімшелердің жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі Н.Р.Смағұловқа жүктелсін.

4. Бұйрық әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

генерал-полковнигі

2003 жылғы 05.09

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2003 жылғы 18 қыркүйектегі

№ 194 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау

ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Сотталғандарды бас бостандығынан айыруға айдауылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) сотталғандарды көліктің арнайы түрлерінде айдауылдау тәртібін реттейді, қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін тәсілдерді белгілейді.

2. Түзеу мекемелерінде (бұдан әрі - ТМ) сотталғандарды айдауылдау жөніндегі міндеттерді орындау үшін күзет қызметі қызметкерлерінің ішінен айдауыл тағайындалады.

Айдауылдың міндетіне:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.