Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 982 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 289
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 26 қыркүйектегі № 982 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 778 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 289 қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

11 "Денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыру" деген бөлiмнiң "Орындау (icкe асыру) үшін жауаптылар" деген бағанының реттiк нөмiрi 11.1-жолындағы, "ДМ" деген сөзден кейiн "ЭБЖМ" деген сөзбен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов