"Азаматтық отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен
құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 қазандағы № 1044 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзілсiн.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Жоба
"Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша
құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi