Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы
жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы
28 тамыздағы № 347 бұйрығы
ҚР Үкіметінің 2005.22.09. № 428 қаулысымен күші жойылды
"Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
|
|
| М. Ысқақов |
қорларына аударуға жататын
міндетті зейнетақы
жарналарының сомасы туралы
хабарлама нысанын
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2003 жылғы 28 тамыздағы
№ 347 бұйрығымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
ХАБАРЛАМА
20 _ ж. "___" _________ N ______
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабына сәйкес
____________________________________________________ Салық комитеті
(облыс, қала, аудан)
Сізді _____________________________________________________________
(агенттің толық атауы
___________________________________________________________________