Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 192-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Респбликасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 250-ө өкімі (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N
192-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Респбликасы
Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 250-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды


"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 192 өкіміне мынадай толықтыру енгiзілсiн:

көрсетiлген өкiммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Yкіметі кесiмдерiнiң тiзбесiнде:

реттік нөмiрi 20-жолдың "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмiмен реттелуге жататын қатынастар" деген бағанының 4) тармақшасы "Мемлекеттік мекемелерге" деген сөздерден кейiн "өзге мемлекеттік" деген сөздермен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасының