N 1639 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 536 бұйрығы (күші жойылды)

№ 1639 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 536 бұйрығы


ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 бұйрығымен күші жойылды

 

Әкімшілік тәжірибе мәселелерінде, ішкі істер органдары бөлімшелеріндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы нақты және біркелкі қолдану туралы істерді шешу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясының құқық қолдану қызметін жетілдіру мақсатында бұйырамын:

1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (№ 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылы № 33 жарияланған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 777, 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 4 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа:

1) мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарауға өкілетті ішкі істер органдарының лауазымды адамдары өзінің қаулысымен қаралып жатқан іс бойынша оны жүргізу тілін белгілейді (15-қосымша).»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.