Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембі полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы Келісім (Мәскеу қ., 1995 ж. 20 қаңтар)

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Ембі полигонын пайдалану және жалға
беру шарттары туралы Келісім
(Мәскеу қ., 1995 ж. 20 қаңтар)

Қазақстан Республикасының 05.07.00 ж. № 81-II Заңымен бекітілді

Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртібі туралы Келісімнiң қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келісімдi басшылыққа ала отырып,

жылжымалы және тұрақты мүлкiмен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ембі полигонының объектiлерi Қазақстан Республикасының меншiгi екендiгiн ескере отырып, Тараптардың қорғаныс қабілетiн қамтамасыз ету мақсатында және ғылымын дамыту мүддесi үшiн Ембі полигонын сақтау мен дамыту қажеттiлігiн мойындай отырып, Тараптардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Ембі полигонының маңызды ролiн және қару-жарақ пен әскери техниканың алдыңғы үлгiлерiн сынауда эксперименталды-сынау базасын сақтау және дамыту қажеттiлiгiн ескере отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

Осы Келiсімнiң тақырыбы, әрi қарай Полигон деп аталатын Ембі полигоны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерiн, жылжымалы және тұрақты мүлігін уақытша пайдалануға жалға беру шартымен беру тәртібі болып табылады. Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкінің тізбесі мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келісімге қол қойылғаннан кейiн үш ай мерзiм iшiнде жасалатын Полигонды жалға берудің жеке шартымен анықталады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.