2. Жеке жəне заңды тұлғалар туралы тіркелімдер мен цифрлық дерекқорларды жасайтын жəне жүргізетін мемлекеттік органдар мен ұйымдар меншіктің мемлекеттік мониторингінің цифрлық дерекқорын қалыптастыру жəне жаңарту үшін қажетті ақпаратты уəкілетті органға өтеусіз негізде береді.
3. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің ақпаратына қолжетімділік уəкілетті орган белгілеген тəртіппен беріледі.
19-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдалану
экономиканың мемлекеттік секторын тікелей басқаруды;
меншіктің қатынастарын мемлекеттік реттеуді;
мемлекеттік экономикалық болжамдауды және бағдарламалауды;
өнеркәсіптік саясатты;
инвестициялық, құрылымдық, институционалдық, салық, ақша-кредит, баға саясатын және мемлекеттік экономикалық саясаттың басқа да элементтерін;
табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеуді;
сыртқы экономикалық қызметті реттеуді;
мемлекеттің экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады.
2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалардың жекелеген мониторинг объектілері және (немесе) экономика салалары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен шараларды әзірлеу үшін негіз бола алады.
20-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес қаржыландырылады.
21-бап. Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті