Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 21 қазандағы № 1208 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 27 қарашадағы
№ 1191 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 2-тармақ күші жойылды
2. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген 1-бөлiмде:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 62» деген жол алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым объектілерін жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 19, 205-құжат):
көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
«Кiрiспе» деген бөлiмде:
төртiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» деген сөздер алынып тасталсын.
4. «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 243-құжат):
2-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігiне екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетiншi, тоғызыншы абзацтарда көрсетiлген сыйлықтар»;
төртiншi абзац алынып тасталсын.
5. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара )
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 27 қарашадағы
№ 1191 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір күші жойылған шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы № 34 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 наурыздағы № 236 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 150-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 7 қарашадағы № 1178 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 және 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулыларына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1344 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 46, 462-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын республикалық мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 31 наурыздағы № 1051 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 27 маусымдағы № 623 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.