2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 505-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

Аталған трансферттердi бөлудiң және пайдаланудың тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 40-2-баппен толықтырылды (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi)

40-2-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үй саясатын іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына сыйақының (мүдденiң) нөлдік ставкасы бойынша жергілiктi атқарушы органдарға кредит беруге 12 460 000 мың теңге көзделсін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш туралы заңдарында көзделген жергілiктi атқарушы органдардың қарыз алуы жөніндегі шектеулер осы бапта көрсетiлген кредиттерге қолданылмайды деп белгiленсiн.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

41-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылыс жинақ ақшаларына салымдар бойынша сыйақыларды төлеуге 1 990 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

42-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанк» жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi қарыз алушыларының 2003 жылғы төлемдерi бойынша бағамдық айырманы төлеугe 49 764 мың теңге көзделсiн.

43-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылға арналған резервi 10 258 913 мың теңге, оның iшiнде:

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң шешiмдерiмен анықталатын өзге де күтпеген шығыстар үшiн - 9 428 000 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша міндеттемелерiн өтеу үшiн - 230 913 мың теңге;

кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн арнаулы резерв - 600 000 мың теңге сомасында бекітілсiн.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

44-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 12 100 980 мың теңге көзделсін.

45-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкiметінің мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға тартылған кредиттер мен қаражаттар бойынша талаптары тоқтатылатын болып;

ұйымдардың тiзбесi мен берешек көлемiн Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша анықталатын болып белгiленсін.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

46-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмдеріне сәйкес көктемгi егiс және жиын-терiм жұмыстарын жүргiзу үшiн сыйақының (мүдденiң) нөлдік ставкасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беруге 5 500 000 мың теңге сомасында;

лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беруге 1 000 000 мың теңге сомасында;

ауыл шаруашылығы өндiрiсiне ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы кредит беруге 2 120 203 мың теңге сомасында;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингiне кредит беруге 675 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.

Бұл қаражатты бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Жергілiктi атқарушы органдардың мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қарыз алуы бойынша шектеулер көктемгi егiс және жиын-терiм жұмыстарын жүргiзуге республикалық бюджеттен берiлген кредиттерге қолданылмайды деп белгiленсiн.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

47-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдауға арналған шығыстарының құрамында 7 095 962 мың теңге, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмдерiмен анықталатын тәртiппен мыналарға байланысты iс-шараларды қаржыландыруға:

тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға - 911 013 мың теңге;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға - 1 289 047 мың теңге;

өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға - 1 000 000 мың теңге;

ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су жеткiзу жөнiнде көрсетілетiн қызметтер құнын субсидиялауға - 553 883 мың теңге;

өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 2 000 000 мың теңге;

екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 830 783 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге - 98 297 мың теңге;

ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 393 807 мың теңге;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 19 132 мың теңге көзделсiн.

48-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгiнiң шығындары құрамында мемлекеттік материалдық резервтi қалыптастыру мен сақтауға, рынокқа реттеушi ықпал ету үшiн дизель отынының нормативтен тыс қорын мақсатты сатып алуға 3 719 300 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн. Дизель отынының нормативтен тыс қорын өткiзуден түскен қаражат республикалық бюджет кiрiсiне есептеледi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік материалдық резервтiң дизель отынының нормативтен тыс қорын сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

49-бап. 2004 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 6 915 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

50-бап. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша үкiметтiк борыш лимитi 680 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

51-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тiзбесi 8-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

52-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi 9-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

53-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi 10-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

2004 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы процесiнде 11-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.

54-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

«2004 жылға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2003 жылғы 5 желтоқсандағы

№ 505-ІІ ҚР Заңына

1-ҚОСЫМША

16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасының

2004 жылға арналған республикалық бюджеті