Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Нұра өзенін тазарту жобасы) (Вашингтон қ., 2003 ж. 17 желтоқсан)

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы Қарыз туралы келісім
(Нұра өзенiн тазарту жобасы)
(Вашингтон қ., 2003 ж. 17 желтоқсан)

2004 жылғы 26 мамырдағы № 556-II Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілді

Қарыз Нөмірі 4693 KZ

Қарыз Туралы Келісім

Қазақстан Республикасы (Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (Банк) арасындағы 2003 жылғы 17 желтоқсандағы Келісім.

Қарыз алушы осы Келісімге 2-Қосымшада айтылған Жобаның орындалуы мен басымдығына көзiн жеткiзiп, Банктен осы Жобаны қаржыландыруға жәрдемдесудi сұрады;

Банк, атап айтқанда, жоғарыда айтылғандардың негiзiнде осы Келісімде көзделген шарттар мен мерзiмнiң негiзiнде Қарыз алушы қарыз беруге келісім бергендiгiн Назарға Ала Отырып;

Жоғарыда Айтылғандарға Негіздей Отырып, тараптар осы Келісімде мыналар туралы уағдаласты:

I БАП

Жалпы ережелер;

Анықтамалар.

1.01-бөлiм. Банктiң 1995 жылғы 30 мамырдағы "Бiр валюталы қарыздар мен кепiлдiктер туралы келісімдерге қолданылатын жалпы ережелер" (1999 жылғы 6 қазанды қоса алғандағы түзетулермен) (Жалпы ережелер) осы Келiсімнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылады.

1.02-бөлiм. Түпнұсқадан өзгелей туындамаса, осы Келісімге Жалпы ережелерде және Кiрiспеде анықталатын терминдер осы анықтауларда бекітілгендерге сәйкес келетiн мағыналарға ие, ал келесi қосымша терминдер мынадай мағыналарға ие.

(а) "СРК" - Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетi.

(b) "ҚОҚЖ" - Қарыз алушы 2002 жылғы 22 ақпанда дайындаған және қабылдаған Банктi қанағаттандыратын Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспар, онда Жобаның шеңберінде қоршаған ортаға, мониторингке әсер етудi жеңiлдету жөніндегі шаралар және институционалдық iс-шаралар сипатталды.

(с) "Қаржы мониторингi туралы есеп" - осы Келісімнiң 4.02-бөлiмiне сәйкес дайындалған әрбiр есеп.

(d) "ХСК" - Осы Келісімге 1-қосымшаның 3 (с) тармағына сәйкес Қарыз алушы құратын және ұстайтын сынап токсикологиясы мен тазартуының тиiстi салаларындағы кем дегенде үш халықаралық мамандарынан тұратын Халықаралық сарапшылар комиссиясы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.