«Қазақстан Эксимбанкi» ашық акционерлік қоғамының және «Оңалту және активтерді басқару компаниясы»
акционерлік қоғамы қызметiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1267 Қаулысы
(2011.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 465 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 465 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Қордың», «Қор», «Қорға», «Қормен» деген сөздер «Компанияның», «Компания», «Компанияға», «Компаниямен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Эксимбанкi» ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Эксимбанк) Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты (бұдан әрi - ғимарат) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң алдындағы мiндеттемелерiн өтеу есебiне заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдау туралы ұсынысымен келісілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен Эксимбанкпен кредиттер, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша республикалық бюджет алдындағы Эксимбанктiң берешегiн салыстыру актiсiне қол қойсын.
3. Эксимбанк (келісім бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алдындағы бюджеттік кредиттер, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақшалай мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 163а қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен ғимараттың нарықтық құнының сомасына «Медетшi қор» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қор) акцияларының қосымша эмиссиясын шығару туралы шешiм қабылдауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 163а қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 4-тармағы орындалғаннан кейiн ғимаратты Қор акцияларының қосымша эмиссиясын төлеу есебiне Қордың жарғылық капиталына берудi жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Компанияның жарғысына оны «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес келтiру және Компания қызметiнiң негiзгi түрi бұрын республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған қаражат бойынша берешектi республикалық бюджетке өндiріп алу деп анықтау мақсатында өзгерістер енгiзудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келісім бойынша) Компанияға теңгемен және шетел валютасында банктік операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы мәселенi қарау ұсынылсын:
1) аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
2) қарыз алу операциялары: ақы төлеу, мерзiмділiк және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанды кредиттер беру.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамаға сәйкес мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша кредит берушілермен келісім бойынша Эксимбанкпен және Компаниямен осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттік қарыздар, оның iшiнде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiрлесiп қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын қарыздар бойынша Эксимбанктiң құқықтары мен мiндеттемелерiн Компанияға беру жөнiнде үш жақты келісімдер жасассын.
9. Эксимбанк (келiсім бойынша) Компанияға бұрын оған қарыз алушылар өтеген «Жеңiл өнеркәсiп», «Темір жол», «Құрылыс индустриясы» секторлық бағдарламаларының шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасын (бұдан әрi - KFW) қалпына келтiру жөніндегi кредит ведомствосы берген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша негiзгi борышты аударсын.
10. Компания (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Эксимбанктен алынған сома бөлiгiнде KFW алдындағы мiндеттемелердi орындау жөніндегі кепiлдiктi берсiн.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi, Эксимбанк (келісім бойынша) және Компания (келісім бойынша) осы қаулының 8-тармағын орындау жөніндегі қажеттi шараларды қабылдасын.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қажет болған кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан қарыздар туралы келісімдер (шарттар) бойынша кредит берушілердiң пайдасына Қазақстан Республикасының бұрын берiлген мемлекеттік кепілдiктерiнiң қолданылуын растасын немесе ауыстыруды жүргiзсiн.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде берiлген кредиттер жөніндегі, экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен берiлген кредиттер жөніндегі кредит шарттары бойынша, Эксимбанк пен «Бронетанк жөндеу зауыты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны арасында жасалған 2000 жылғы 15 желтоқсандағы № 53-16/кд-в кредит шарты бойынша және түпкi қарыз алушылармен кепiл шарттары бойынша талап ету құқықтарын беру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) Компаниямен (келісім бойынша) олардың осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кредиттер бойынша қарыз алушылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды жүзеге асыру жөнiнде келісім жасассын;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Эксимбанк арасында жасалған 1996 жылғы 12 ақпандағы № 96-1 және 1997 жылғы 3 наурыздағы № 1 кредит шарттарын бұзу жөніндегі шараларды қабылдасын.
14. Эксимбанк (келісiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
1) мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған қарыз алушылар жөніндегі;
2) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылар жөніндегі құжаттаманы берсін.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 163а қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi осы қаулының 3, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 тармақтары орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерінде «Қазақстан Эксимбанкi» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн сатуды жүзеге асырсын.
16. Қоса берiлiп отырған осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
17. «Қазақстан Эксимбанкi» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 403 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
18. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е.А. Досаевқа жүктелсiн.
19. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының