Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1342 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1342 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 575-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта "уақыт есептеу" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов