жүргiзу және оның биоресурстардың қалыптасуына ықпалын айқындау;
2) кәсiпшілік учаскелердiң балық өнiмдiлiгi мен балық шаруашылығы су
айдындарында балық аулаудың оңтайлы рұқсат етiлетiн мөлшерiн айқындау,
оның iшiнде:
балықтардың жай-күйiне тұрақты мониторингтi жүзеге асыру және
ихтиоценозды басқару жөніндегі ұсынымдар әзiрлеу;
балықтар құнды түрлерiнiң жай-күйiне, олардың табиғи ұдайы молаюына,
уылдырық шашатын жерлерi мен мерзiмдерiне тұрақты мониторинг жүргiзу;
балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын бағалауды жүргiзу;
балық ресурстарының нақты қорларын айқындау мақсатында балық
шаруашылықтары суайдындарын паспорттауды жүргiзу;
кәсiпшiлiк балық табындары серпiнiне тұрақты мониторингтi қамтамасыз
ету;
Қазақстанның шағын су айдындары биоресурстарының қазiргi жай-күйiн
бағалауды жүргiзу;
шағын су айдындарының жемдiк базасы мен балық өнiмдiлiгiн бағалау;
тоған және индустриялық балық-су шаруашылықтарын дамытудың
биологиялық және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
3) балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерінің
қазiргi жай-күйiн талдауды жүргізу және балықтың сирек кездесетін және
жойылу қаупi төнген түрлерiн жасанды түрде ұдайы молайту биотехнологиясын
әзiрлеу әрi жетiлдiру;
4) балық шаруашылығын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудi жүзеге
асыру:
балық шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарының статистикалық
есептiлiгi нысандарын жетілдiру;
балық шаруашылығы кәсiпорындарының қызметi мен балық өнiмдерi
рыногына талдау жүргiзу;
Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының жай-күйi жөніндегі
бiрыңғай электронды деректер банкiн жасау.
6. Оларды қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары, табиғат пайдаланушылар қаражаттары, халықаралық қаржы институттары қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру сомалары: 2004 жылы - 630,4 млн.теңге; 2005 жылы - 330,2 млн.теңге; 2006 жылы - 342,2 млн.теңге құрайды.
Бұл ретте Бағдарламаны қаржыландыру жыл сайынғы көлемдерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Су айдындарында балықтың құнды түрлерiнiң кәсiпшiлiк үйiрлерi қалыптастырылады, су айдындарының балық өнiмдiлiгi арттырылады, таралымның уылдырық шашу бөлiгi ұлғайтылады.
Қазақстандық және югославтық табан, ақ дөңмаңдай желiлерiн өнеркәсiптiк байқау жүргiзiледi, тоған шаруашылықтары толық жұмыс iстей бастайды, балық өндiру өнеркәсiбiнiң жаңа объектілерiн енгізу жөніндегі, оларды өсiру мен тауар өнiмiн алу биотехнологияларын жетілдiру жөніндегі эксперименттiк жұмыстар басталады.
Балық шаруашылығының бiрыңғай ақпараттық өрiсiн құру, бүкiл балық шаруашылығы қызметiне талдау жүргiзу, балық өндiрiсiн және Қазақстан Республикасы халқын балық өнiмдерiмен жабдықтауды ұлғайту жөніндегi іс-шаралар ұсынылады.
Елдiң балық шаруашылығын қалпына келтiру, дамытуға жәрдемдесетiн заңнамалық және басқа да нормативтік құжаттар қабылдау.
Трансшекаралық био және су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер, балық өнiмдерінің экспортын ұлғайту, инвестициялар есебінен қосымша қаражат ағыны құйылады.
Бағдарламаның түпкi нәтижесi Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық аулаудың болжамы мен нақты аулануының сәйкес болуына қол жеткізу (теңiзде балық аулайтын флоттың жоқтығына байланысты Жайық-Каспий бассейнiнде теңiз балықтарын аулаудың лимитi игерілмейдi әрi есепке алынбайды) болып табылады.
Мұның өзi балық өндiру және балық өңдеу өнеркәсiбiн одан әрi дамытуды жоспарлауға мүмкіндік бередi.
2003 жылғы балық аулау болжамы бақылау деңгейi peтіндe алынды. Қазақстан Республикасы табиғи су айдындарында 2006 жылға арналған болжам бойынша жалпы балық өндiру мен балық өнiмдерiнiң жалпы өнiмi 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте
Қазақстан Республикасы табиғи су айдындарында 2006 жылға
арналған болжам бойынша жалпы балық өндiрiсi мен балық
өнімдерiнiң жалпы өнiмi