Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2143 тіркелген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі,
нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002
жылғы 23 желтоқсандағы № 507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 6 желтоқсандағы № 431 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25.12. № 300 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 507 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2143 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 27 қаңтар - 9 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банкке)" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;