Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысы (2006.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница
халықаралық бағытта Атырау порты арқылы жүктерді тасымалдау  үшін  жағдай
жасауға мүмкіндік бepeді. Осы жобаны icкe асыруға республикалық бюджеттік
комиссия 2004-2005 жылдарға 827,4 млн. теңге мөлшеріндегі соманы бекiтті.
     4) Әуе көлігі
     Қазақстанның әуе  кеңістігі  Еуропа,  Ресейден  Оңтүстік-Шығыс  және
Орталық Азия елдерi бағытында транзиттік тасымалдарды жүзеге  асыру  үшiн
тартымды.
     Қазақстан  Республикасының  әуе  кеңістігіндегі  негізгі  транзиттік
дәлiздер төмендегілер болып табылады:
     АРИСА-САРИН - Еуропадан Қытайға және Оңтүстiк-Шығыс Азия елдеріне;
     АРИСА-ОДИВА - Еуропадан Оңтүстiк Азия елдеріне;
     АЗАБИ-ТИРОМ  -  Еуропадан  Оңтүстiк  Азия,  Орта  және  Таяу   Шығыс
елдеріне;
     САРИН-БАЛУН - Таяу Шығыс  елдерiн  Қытай  және  Оңтүстiк-Шығыс  Азия
елдерiне.
     Қазіргі  уақытта  бағыттар  желісінiң  ұзақтығы  60  000  км   дейiн
ұлғайтылған, ал 2003  жылға  арналған  халықаралық  қатынастар  үшiн  әуе
дәліздерінің  жалпы  саны  66-ны  құрайды.  Қазiргі  кезде    орындалатын
ұшулардың жалпы көлемi жылына 100 мыңға  дейiн  жетедi,  оның  жартысынан
астамы - транзиттік ұшулар.
     Транзиттік маршруттардың қолданыстағы желісі,  негізінен,  Қазақстан
Республикасының    әуе    кеңістігін    пайдаланатын      авиакомпаниялар
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  21  әуежай  жұмыс  iстейдi,
олардың  ішінде  14-iне  халықаралық  ұшуларға  қызмет  көрсетуге  рұқсат
берілген. Осы  порттардың  әуеайлақтары  транзиттi  авиарейстерге  қызмет
көрсетуге  де,  сондай-ақ  Қазақстанның  әуе  кеңістiгін  қонбай   ұшатын
ұшуларға пайдаланатын авиакомпаниялар үшiн қосалқы әуеайлақтар ретiнде де
пайдаланылады.
     Қазақстан   Республикасының   көптеген   әуежайларының    техникалық
жарақтануы төмен деңгейде болып отыр. Негiзгi  өндірiстік  қорлар  60-тан
80% дейін тозған. Моральдық  және  табиғи  ескiрген  жабдықты  ауыстыруды
қаржымен қамтамасыз ету ширектен аспайтын шамада орындалады. Қазақстандық
әуежайларда аралық қонулар жасайтын транзитті  әуе  кемелеріне  сервистiк
қызмет көрсету қазіргі халықаралық талаптарға сай емес.
     Радионавигациялық  жабдықтың  жай-күйі  Қазақстан  үстiндегі     әуе
дәліздері тартымдылығының елеулі  факторы  болып  табылады.  Әуежайлардың
көбінде ол әуе қозғалысын басқару және үстіңгі әуе  кеңістiкте  азаматтық
әуе кемелерi  ұшуының  қауіпсiздігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  қазіргі
талаптарға жауап бермейдi. Сонымен қатар, әуежай ауданында әуе қозғалысын
басқаруды  қамтамасыз  ететiн  аэронавигациялық  объектiлердi    жаңғырту
жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажет.
     "Қазаэронавигация"  РМК  радиолокацияның,  радионавигацияның    және
байланыстың қазiргi  жүйелерiн  игерумен  қатар  әуе  қозғалысын  басқару
бойынша автоматтандырылған орталықтарды пайдалануға енгізуде.
     Қазiргi  уақытта  аэронавигациялық  жабдықты  жаңғырту     жөніндегі
iс-шаралар кешенi өткiзiлдi, соның iшiнде әуе  қозғалысы  қауiпсiздiгiнiң
деңгейiн арттыру және аэронавигациялық қызмет  көрсету  жүйесiнің  өткізу
қабiлеттiлiгiн көтеру үшiн ұшуды радиотехникалық қамтамасыз  етудің  жаңа
құралдарымен жабдықтау.
     Әуе  қозғалысын  басқару  бойынша  азаматтық  және  әскери  органдар
арасында өзара ic-қимылды жaқсарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
     Әуе көлiгi мен транзиттiк тасымалдарды жақсарту үшiн Астана, Атырау,
Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларының әуежайларын қайта  жаңарту  қажет.
Сондай-ақ  әуе  қозғалысына  қызмет  көрсетудi  қамтамасыз  ету      үшiн
радиотехникалық  құралдар  мен  электрбайланысты  жаңғырту  қажет.    Осы
iс-шараларға арналған  қаражат  тиiстi  жылдың  республикалық  бюджетiнде
көзделедi. Одан басқа, осы жобаларды  iске  асыру  үшiн  қазiргi  уақытта
бiрқатар халықаралық  қаржы  ұйымдары  мен  кредиттiк  келісімдер  жасасу
жөнiнде жұмыстар жүргiзiлдi.
     5. Тасымал көлемдерiн арттыру үшiн техникалық  мүмкіндiктер.  Табиғи
кедергiлер
     Қазақстан  Республикасының  транзит-көлiк  әлеуетiн  талдау  қазiргi
кезде Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнің көлiктiң  барлық  түрлерiнде
қосымша iшкі, экспортты-импортты  және  транзиттiк  тасымалдарды  игеруге
мүмкiндiктерi бар екенiн көрсеттi.
     Алайда  көлiк  инфрақұрылымы  негiзгi  объектілерiнiң     техникалық
жай-күйi қазақстандық транзиттiк маршруттарға "қызмет көрсету  пакетінің"
негiзгi көрсеткiштерi бойынша бәсекелiк  қабiлетiн  қамтамасыз  ету  үшiн
нақты инвестицияларды талап етедi.
     Транзит  тасымалының  дамуын  тежеуші  факторлардың  бiрi     оларды
ақпараттық сүйемелдеудiң тым осалдығы болып табылады.
     Темір  жолдардағы  қолданыстағы  құрылғылар,  негiзiнен    ескiрген,
олардың  өткізу  қабiлетi  шектеулi  және  қайта  құруға  мұқтажды,    ал
автомобиль магистральдарында олар мүлде жоқ. Салада жүктiң орналасуы  мен
жай-күйiн бақылайтын қазiргi талапқа сай жүйелер де орнатылмаған.
     Бұрын  үкіметтiк  деңгейде  автокөлiк  тасымалдарын  бақылау    және
ақпараттық қамтамасыз етудiң республикалық жүйесiн құру қажеттiгi  туралы
шешiм қабылданған едi. Алайда бұл шешiм аяғына дейiн iске  асырылған  жоқ
және  ККК  автокөлiк  секторы  қызметiнiң  сипаты  күнi  бүгiнге    дейiн
анықталмай отыр.
     Автомобиль жолдарының шекаралық өткелдерiнде бiрыңғай бақылау-өткізу
пункттерi құрылды.  Алайда  олардың  қажеттi  жабдықтармен  және  қазiргi
байланыс құралдарымен нашар жабдықтануы iс  жүзiнде  шекаралардан  жылдам
өту проблемасын толық шешпейдi.
     Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшiн көлiк және  коммуникациялар
саласындағы уәкiлеттi орган  Көлiктiк  дерекқорлардың  ақпараттық  талдау
жүйесiнің  орталығын  құрады,  оның  Техникалық  тапсырмасын    әзiрлеуге
Республикалық  бюджеттік  комиссия  7669  млн.теңге  мөлшеріндегі  соманы
бөледi.
     Шульба шлюзiнiң аяқталмаған құрылысы Ертіс  өзенiнде  толассыз  кеме
қатынасын ашудың тежеуiш факторы болып табылады.
     Одан  басқа,  жалпы  тозуы  шамасында  85%  құрайтын     мемлекеттік
техникалық  өзен  флотын  жаңарту  мен  жаңғырту  су  көлiгі  саласындағы
проблемалық мәселелердiң бiрi болып отыр, ол iшкi су жолдарын күтiп ұстау
мен кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге терiс  әсер  етедi.  Осы
жобаны iске асыруға 2004 жылға республикалық  бюджеттік  комиссия   320,3
млн.теңге мөлшеріндегі соманы бекiттi.
     Жаңа трассалар мен қатынас жолдарын  пайдалануға  енгізу  тасымалдар
ұзақтығын және  транзиттік  жүктердiң  құнын  едәуір  азайтуға  мүмкіндік
бередi,   Орталық   Азия   өңiрiнiң   iшiнде   сауда-экономикалық   өзара
байланыстарды кеңейтуге ықпал етедi. Транзиттiк ағындардың артуын  болжау
негiзiнде, осы жобалардың экономикалық тиiмдiлiгi жөнiнде бұдан әрi терең
кешендi зерттеулер жүргiзу талап етілетiндiгi сөзсiз.
     Бiр  ғана  көлiк  саласының  немесе  бiрнеше  жапсарлар   салалардың
проблемаларын  ғана  емес,  тұтастай  алғанда  елiмiздiң   инфрақұрылымын
жаңғырту  проблемасын  қарастыра  отырып,  мынадай  мiндеттердi  белгiлеу
қажет:
     -  басқа  елдердiң  жетiстiктерiн  мысалға  ала  отырып,   транзиттi
тартудың мемлекеттік идеологиясын әзiрлеу. Бұл ретте әлемдiк  сауда  және
оны көлiктiк қамтамасыз ету  құрылымының  маңызды  өзгеру  факторы  болып
табылатын, қарқынды дамып отырған электронды сауда жүйесiн ескеру қажет;
     - Қазақстанның iшкi қажеттiлiктерiне  қызмет  көрсетуге  бағытталған
транзит-көлiк әлеуетiн дамыту бағдарламасын бекіту;
     - көптеген елдер қолданатын инвестицияларды  тартудың  қазiргi  жаңа
нысандарын енгізу;
     -  инфрақұрылымдық  жобаларды  дамытуға  арналған  халықаралық  заем
қаражатын тарту көлемiн ұлғайту;
     -   транзиттiк   тасымалдарға   қатысатын   қазақстандық       көлiк
компанияларына,   ықтимал   кеме   иелерiне,   порттарға   және     көлiк
инфрақұрылымының басқа да объектiлерiне қатысты орынды  қолдау  шараларын
қабылдау;
     - транзиттік тасымалдар саласында, ең алдымен  геосаяси  орналасуына
байланысты  қазақстандық  транзитке  ұмтылатын  елдермен      халықаралық
ынтымақтастықты дамыту;
     транзиттi   дамыту   саласындағы   мемлекеттік   және   коммерциялық
құрылғылардың  күш-жігеріне  ықпал  ету  және  үйлестiру  үшiн   белсенді
беделдiк компания жүргізу.
     Сөйтіп, транзит Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқара алады. Бұл
ретте қызметтердің осы түрін едәуір ұлғайтуға барлық  алғышарттардың  бар
екендігі сөзсiз.
     Ұлттық мақсаттағы бұл міндет мемлекеттің құрылымдық саясатының  және
экономикалық стратегиясының өзгерісіне тiкелей байланысты.
     Ол Қазақстанның өңірлік масштабтағы орны мен рөліне түбегейлi  ықпал
етеді және тек көлік кешенінің  ғана  емес,  сондай-ақ  тұтастай  алғанда
Қазақстан экономикасының дамуын  ынталандыратын  факторлардың  бipі  бола
алады.
     6. Халықаралық тасымалдарды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
     1) Халықаралық келісімдер мен конвенциялар
     Халықаралық көлiк дәліздерінің сенімдi және тиiмдi  жұмыс  істеулері
тек  техникалық  жетілдірілген  көлік  желілерінің  болуымен    бітпейдi.
Құқықтық, ұйымдастыру      және/немесе экономикалық салаларда туындайтын
табиғи емес сипаттағы кедергілерді жоюдың маңызы аса зор.
     Оларды жою үшiн түрлі халықаралық құжаттар әзірленді, оларда  ұлттық
талаптарды  сәйкестендіру  мен  үйлестiру  негiзiнде  көлiк   саласындағы
мемлекетаралық қатынастардың бiрыңғай ережелерi мен рәсімдері жасалынады.
Осы ережелер мен рәсімдер тасымалдау құжаттарын реcімдeугe қатысты, жүкті
тасымалдауға қабылдау және оны тағайындалған орынға  тапсыру  нормаларын,
тасымалдаушылардың  негіздерін,  шарттары  мен  жауапкершілігі  шектерін,
кінәраттар мен талап-қуыным  ұсыну  тәртіптерін  белгілейдi.  Халықаралық
реттемелеу, әсіресе,  халықаралық  саудамен  байланысты,  мемлекеттердегі
заңдардың дамуы әртүрлі деңгейде болатын жағдайларда, сол елдер  арасында
тауар алмасуды жеңілдету мақсатын ұсынады.
     Қазіргі кезде БҰҰ ЕЭК аясында елуден астам халықаралық  конвенциялар
мен келісімдер әзірленді, олар жер үсті көлігінің барлық түрлері  бойынша
құқықтық  және  ұйымдық  өзара  қатынасты  реттейдi  және    жеңілдетеді.
Қазақстан солардың ішіндегі тоғызына қосылады.
     Темір  жол  көлiгі  арқылы  халықаралық  тасымалдарды      реттейтiн
ұйымдастыру-құқықтық  құжаттардың  негізгі  жиынтығы  ТЖЫҰ      ауқымында
әзiрлендi.   Қазақстан   жүк   және   жолаушы   қатынасы,       сондай-ақ
құрамдастырылған тасымалдар бойынша негiз қалаушы үш Келісiмге қосылды.
     Қазақстан Республикасы БҰҰ АТМЭӘК және ЮНКТАД ұсынған алты конвенция
мен келісімдерге қосылды.
     Еуразиялық қатынастарда жер үстi тасымалдарының  халықаралық  заңдық
негiздерiн қамтамасыз  ету  үшiн  БҰҰ  АТМЭӘК       48/11 Қарарымен басым
ретіндегі, төменде тiзiмделген  халықаралық  құқықтық  актiлерге  мүдделi
мемлекеттердің қосылуына ұсыныс жасады, олар:
     БҰҰ-дың Жол қозғалысы туралы конвенциясы (1968);
     Жол белгiлерi мен сигналдары туралы конвенция (1968);
     ХЖТ кiтапшасын пайдаланып  жүктердi  халықаралық  тасымалдау  туралы
кедендік конвенция (1975);
     Коммерциялық мақсаттар үшiн қызмет ететiн жол  тасымал  құралдарының
уақытша әкеліміне қатысты кедендік конвенция (1956);
     Жеке жол  тасымалдау  құралдарын  уақытша  әкелiмi  туралы  кедендiк
конвенция (1954);
     Контейнерлерге қатысты кедендiк конвенция (1972);
     Шекараларда жүктерге  бақылау  жүргiзудiң  шарттарын  келiсу  туралы
халықаралық конвенция (1982);
     Жүктердiң халықаралық жол тасымалының шарты туралы конвенция (1956).
БҰҰ АТМЭӘК-пен бiрге БҰҰ Сауда және Даму жөніндегi Конференциясы (ЮНКТАД)
дамушы елдер  үшiн  ұсынылатын  Конвенциялар  мен  Келісімдердің  тiзiмiн
әзiрледi, олар:
     Теңiзге  шығу  жолдары  жоқ  елдердiң  транзиттiк  саудасы    туралы
конвенция (1965);
     Тарифтер және сауда туралы Бас Келiсімнiң Y бабы;
     Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Теңiз құқығы туралы конвенциясы (1982);
     XЖТ кiтапшасын пайдаланып  жүктердi  халықаралық  тасымалдау  туралы
кедендік конвенция (1975);
     Кедендiк  рәсiмдердi  оңайлату  және  үйлестiру  туралы  халықаралық
конвенция (1974);
     Шекараларда жүктерге  бақылау  жүргiзудiң  шарттарын  келiсу  туралы
халықаралық конвенция (1982);
     Контейнерлерге қатысты кедендiк конвенция (1972);
     Темір жол  бойынша  тасымалданатын  жүктерге  қатысты    халықаралық
конвенция (1961);
     Жүктердің халықаралық жол тасымалының шарты туралы конвенция (1956).
Теңiз кеме қатынасында құқықтық негiз Халықаралық теңiз ұйымы  (БҰҰ  ИМО)
аясында әзiрленедi  және  реттеледi,  әуе  көлігі  саласында  Халықаралық
азаматтық авиация ұйымының аясында (БҰҰ ИКАО).
     Теңiз   кеме   қатынасында   Қазақстан   Республикасы    халықаралық
конвенциялар мен келісімдерiнiң тоғызына, ал әуе көлiгi бойынша он бiрiне
қосылды.
     Қазақстан Республикасы қосылған, халықаралық  тасымалдардың  дамуына
мүмкiндiк  жасайтын  негiзгi  халықаралық-құқықтық  кесiмдердiң   тiзбесi

1-қосымшада келтiрiлдi.

     Қазақстан Республикасы әзiрше қосылмаған және  оларға  қосылу  қажет
халықаралық құжаттардың маңызы мен рөлi, олардың  басымдылығы,  сондай-ақ
қосылу жөніндегі iстердiң жай-күйi 2-қосымшада көрсетiлдi.
     Жоғарыда аталған  келісімдер  мен  конвенцияларға  қосылу  Қазақстан
Республикасының транзиттiк әлеуетiн арттыруға  және  әлемдiк  қауымдастық
алдында қазақстандық транзиттiң деңгейiн көтеруге мүмкiндiк  бередi.  Осы
халықаралық келісімдерге қосылу үшiн қаражат талап етiлмейдi.
     Сауда  және  көлiктiк  өзара  қатынастарды  реттейтiн    халықаралық
құқықтық актiлерге Қазақстан Республикасының қосылу процесi баяу  жүруде.
Оның үстiне, республикада бекiтілген  халықаралық  уағдаластықтарды  iске
асыру мен сақтауды бақылау тетiгi жөнге келтiрілген жоқ.
     2) Мемлекетаралық екi жақты шарттар
     Халықаралық конвенциялармен және келісімдермен қатар  мемлекетаралық
байланыстарды қамтамасыз етуде, халықаралық  көлiк  дәлiздерiне  қатысушы
елдер арасындағы екi жақты және көп жақты шарттар маңызды  рөл  атқарады.
Осы шарттар тасымалдарға қатысушы тараптардың  мемлекеттік  шекараларынан
кедергiсiз  өту  жөнiндегі  құқықтық  және  ұйымдық  сипаттағы      нақты
мәселелердiң жиынтығын реттейдi.
     Қазақстан Республикасындағы жалпы  көлiк  мәселелерi  және  көлiктiң
жеке  түрлерi  бойынша  екi  жақты  келісімдердің  қолданыстағы    жүйесi
6-кестеде келтiрiлдi.
                6-кесте. Екі жақты және көп жақты шарттар
    
 
 
 

     3) Көлiк-коммуникация кешенiнiң мәселелерiн реттейтiн заңдар

     Көлiк заңдарының  негiзгi  қағидаттары  Азаматтық  кодекстің  арнайы
тараулары арқылы белгiленген, олар: "Тасымал", "Көлiктiк экспедиция" және
"Көлiк туралы"  Қазақстан  Республикасының  Заңы       (21.09.94ж.). Осы
заңнамалық актiлер көлiк қызметi мен тасымалдаушылар  және  көлiк  қызмет
көрсетулерiн  тұтынушылардың  өзара  қатынастарын  реттеудiң     құқықтық
негiзiнiң  жалпы  ауқымдарын  белгiлейдi.  Бұдан  басқа,  осы  құжаттарда
көлiктiң әр  түрi  және  көлiк  қызметiнiң  нақты  мәселелерiн  реттейтiн
соларға  сәйкес  шығарылатын  ережелер  бойынша  заң  актілерін     жасау
қажеттiлiгiне тiкелей нұсқау мазмұндалады. Осы Бағдарламаны бекіту кезiне
көлiк саласында Қазақстан Республикасының мынадай Заңдары қабылданды:
     "Темір жол көлiгi туралы" (08.12.01 ж.);
     "Автомобиль жолдары туралы" (17.07.01 ж.);
     "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" (17.01.02 ж.);
     "Автомобиль көлігі туралы" (04.07.03ж.);
     "Азаматтық  авиацияны  мемлекеттік  реттеу  туралы"  (15.12.01  ж.),
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
әуе кеңiстiгiн пайдалану және  авиация  қызметі  туралы"  1995  жылғы  20
желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығы.
     "Iшкі су көлігі туралы" ҚР  Заң  жобасы  қазiргi  уақытта  Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiнде қаралуда.
     Қазақстан Республикасының көлiк кешенi нормативтi  құқықтық  базасын
жетiлдiруге, елiмiздiң  аумағы  арқылы  транзиттiк  жүктердің  қозғалысын
жеңiлдетуге  мүмкiндiк  беретiн  халықаралық  бiрiздендiрілген      көлiк
құжаттарын пайдалану үшiн жағдайлар жасауға мұқтажды.
     7. Қазақстан Республикасы транзит-көлiк  әлеуетiнiң  дамуына  сыртқы
факторлардың әсерi
     Шектес  мемлекеттер  мен  өңiрде  Қазақстан  Республикасының  аумағы
арқылы  өтпейтiн  балама  халықаралық  көлiк  дәлiздер  мен    транзиттiк
бағыттарды  дамытуға  бағытталған  кез  келген  шаралар  мен   жобалардың
елiмiздiң транзит-көлiк әлеуетiн дамытуға терiс ықпалы бар.
     Осы кезеңде мұндай факторлар деп мыналарды атауға болады:
     7.1. Автокөлiк тасымалы саласында
     Ресей Федерациясы мен Моңғол Халық Республикасының Моңғолияның батыс