Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 435 қаулысы (2006.18.02. берілген толықтыруларымен) (күші жойылды)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген қосалқы бухгалтерлiк есептi және Бас бухгалтерлiк кiтапты жүргiзу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 435 қаулысы

(2006.18.02. берілген толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiн бұдан әрi дамыту мақсатында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмде мынадай талаптарға сәйкес әзiрленген дербес бақылау iс-шараларын орындау жөніндегі жоспарды орындау мерзiмiн және осы iс-шараларды орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынатын болсын:

1) мынадай шарттар сақталған кезде барлық жасалатын операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлiк есеп жүргiзудi қамтамасыз етсiн:

барлық жасалатын операцияларды бухгалтерлiк есепте көрсету тәртібін реттейтiн бекітілген iшкi құжаттардың болуы;

тиiстi бөлiмшелердiң (фронт- және бэк-офистер) жұмыс тәртібін реттейтiн бекітілген iшкi құжаттардың болуы;

барлық жасалатын операциялар, оның iшiнде есеп айырысу-касса операциялары, кiрiстер мен шығыстар, кадрлар және жалақы, негiзгi құрал-жабдықтар мен тауар-материалдық құндылықтар (қорлар), бағалы қағаздар, салымдар, дебиторлық және кредиторлық берешектер, бюджет және бюджеттік бақылау, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi бойынша қосалқы модульдердiң болуы;

автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi және басқа да қызметтер бойынша жеке-жеке қосалқы бухгалтерлiк журналдардың (шарттарды (операцияларды) тiркеу журналдарын қоса алғанда) болуы, сондай-ақ талдау есебiн жүргiзу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.