7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және
уақытылы орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
179-қосымша
221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Сот сараптамаларын жүргiзу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 280076 мың теңге (екi жүз сексен миллион жетпiс алты мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы, "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3-бабы және 17-бабы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң сот сараптамасы орталығының мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысы, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот сараптамаларын жүргiзудi толық және уақытылы қамтамасыз eту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: coт сараптамасындағы қылмыстық, азаматтық iстердiң және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша Қазақстан Республикасының сот ісiн жүргiзудiң талаптарын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметiн толық ғылыми не әдiстемелiк қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы сот iсiн жүргiзу қажеттiлiгiн сот сараптамасында қамтамасыз
ету. Қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшілік iс жүргiзудiң қатысушысы болып
табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн арнаулы ғылыми білім
құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын жүргiзу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
180-қосымша
221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Сотталғандарды ұстау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10462774 мың теңге (он миллиард төрт жүз алпыс екi миллион жетi жүз жетпiс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 2-21, 79-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде сотталғандарды ұстауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде құқықтық тәртiптi және сотталғандарды ұстауды қамтамасыз ету, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: орындалуы
түзеу мекемелеріндегі тiршiлiкті және құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуге
мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
181-қосымша
221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қылмыстық-атқару жүйесi объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1300220 мың теңге (бip миллиард үш жүз миллион екi жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 68-бабы, "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 10, 11, 20-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы және "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық жағдайларын қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейiн тұрған аймағының шегiнде жазасын өтеу үшiн жағдайлар жасау; сотталғандарды Республика бойынша тасымалдау санын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: