2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 178-189 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402; 07.06.04 ж. № 197з; 30.07.04 ж. № 806; 25.11.04 ж. № 197э қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

ҚР Үкіметінің 25.11.04 ж. № 197э қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Комитеттi,
оның аумақтық органдары және  мемлекеттік  түзеу  мекемелерiн  ақпараттық
қамтамасыз   ету   мақсатында   Қылмыстық-атқару   жүйесi     комитетiнiң
ведомстволық бағынысты бөлiмшелерiмен сапалы жедел байланысын  қамтамасыз
ету.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

187-қосымша

221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық

мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң

мiндеттемелерiн өтеу үшiн резерв"

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 230913 мың теңге (екi жүз отыз миллион тоғыз жүз он үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Yкіметі peзервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтeу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Үкiметтiң, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша соттардың шешiмдерiн орындау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Қазақстан
Республикасы Yкіметінiң, орталық  мемлекеттік  органдардың  және  олардың
аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерiн өтеу бойынша соттардың шешiмдерiн
орындау.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

188-қосымша

221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Түзету мекемелерiнде СПИД iндетiне қарсы iс-әрекет"

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 3000 мың теңге (үш миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасында СПИД iндетiне қарсы iс-әрекет жасау жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеу мекемелерiнде СПИД-тiң таралуын болдырмау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: түзеу мекемелерiнде СПИД-тiң таралуын болдырмау және қылмыстық жазасын өтеп жатқан СПИД-пен ауыратын сотталғандарды ұстау үшiн жағдайлар жасау жөніндегі қажеттi шаралар кешенiн қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7. Бюджеттік  бағдарламаны  орындаудан  күтілетін  нәтижелер:  түзеу
мекемелерінде СПИД-тің таралуына  жол  бермеуге  жәрдемдесетін  салауатты
өмір салтын насихаттау жүйесі құрылады.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

189-қосымша

ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402 қаулысымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) 189-қосымша өзгертілді

221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 21 915 мың теңге (жиырма бір миллион тоғыз жүз он бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Ел Президентінің "Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың өсiп өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы, "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы, "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 22-бабы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық iс-қимыл жүйесiнiң негiзгi буындарын нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгiн нығайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 

     7.   Бюджеттік   бағдарламаны   орындаудан   күтiлетiн    нәтижелер:

нашақорлықтың  алдын  алу  тиімділігін  арттыру,  eciрткi     құралдарын,
психотроптық  заттардың  және  прекурсорлардың  айналымына    мемлекеттік
бақылау жүйесiн нығайту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

189-1-қосымша

ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402 қаулысымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) 189-1-қосымшамен толықтырылды

221 - Қазақстан Республикасының

Әдiлет министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Tepгеу-тұтқынға алынған адамдарды ұстау" деген

012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 2 044 450 мың теңге (екі миллиард қырық төрт миллион төрт жүз елу мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттік есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды ұстаудың тәртібі мен шарттарын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: құқық тәртібін және Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тергеу изоляторларындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау режимiн, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі оларға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң тергеу изоляторларын ұстау, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын нығайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

    
 
 
 

     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер:  қылмыстың

жасалуына күдiктi не  айыпталушы  ұсталған  және  тұтқындалған  адамдарды
қамауда ұстау  жағдайларын  қамтамасыз  етуде  Қазақстан  Республикасының
Әдiлет   министрлігі   Қылмыстық-атқару   жүйесi   комитетiнiң     тергеу
изоляторларына  жүктелген  функцияларды  сапалы  және  уақытылы  орындау,
сондай-ақ  қылмыстық  процестi  жүргiзушi  органдардың  оларға    қатысты
қаулыларын, анықтауларын және  үкiмдерiн  орындау,  тергеу  изоляторларын
толтыру жоспары - 17855 адам;  қылмыстың  жасалуына  күдiктiлер  арасында
қылмыс санының азаюы;  оларды  қамауда  ұстау  орындарында  тұрақты  және
болжалатын   жағдайды   ұстап   тұру;   iшкi   iстер   органдары   тергеу
изоляторларының  материалдық-техникалық  базасын  жақсарту;    қылмыстың
жасалуына  күдiктiлер  мен  айыпталушылардың  қамауда  ұстау  орындарында
ауыруын болдырмау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

189-2-қосымша

ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402 қаулысымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) 189-2-қосымшамен толықтырылды

221 - Қазақстан Республикасының

Әдiлет министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Tepгеу изоляторларында СПИД iндетіне

қарсы iс-қимыл" деген

013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 3 225 мың теңге (үш миллион екi жүз жиырма бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы.