2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 33-41 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 19.02.04 ж. № 197; 23.06.04 ж. № 197к қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелердiң тиiмдi шешiлуiн арттыру мақсатындағы халықаралық ұйымдармен және шетел мемлекеттерiмен ынтымақтастығын нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметiн қаржыландыруға қатысу, ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарын ұстауға кіру және үлестiк жарналарын төлеу және Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы жанындағы Тұрақты Өкiлiн және оның аппаратын ұстау.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Қазақстан
Республикасы  азаматтарының  құқықтары  мен  ерiктерiн  қамтамасыз    ету
барысындағы аймақтық және ғаламдық бағдарламалардың  шешiлуiне  Қазақстан
Республикасының дүниежүзілік  қоғамдастық  мүшесi  ретiнде  қатысуы;  Шет
мемлекеттермен,   ТМД-ға   қатысушы   мемлекеттермен   және   халықаралық
ұйымдармен саясат, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы  көп  жақты
ынтымақтастықты дамыту және нығайту.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

35-қосымша

204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 193082 мың теңге (бір жүз тоқсан үш миллион сексен екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 7 мамырдағы № 542 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкiметтiк комиссиясы туралы" № 1283 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі "Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы" № 410 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы "Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлiгiнiң құрамын бекіту туралы" № 1324 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкiлдiк шығындар нормаларын бекіту туралы" № 281 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкiметтiк делегациясы туралы" № 1058 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны заңдық тұрғыдан ресiмдеу, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн анықтау, трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау мәселелерiн реттеу, жергілiктi жерлерде мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгiлермен бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес осы мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Қазақстан
Республикасының  Ресей  Федерациясымен  мемлекеттік  шекара      сызығын,
сондай-ақ Каспий  теңiзi  табанының  аражiгiн  ажыратудың  орта  сызығын,
олардың   сипаттамасын   топографиялық   карталарға   түсiрудi    аяқтау,
трансшекаралық өзендердi пайдалану мен  қорғау  мәселелерiн  реттеу,  қол
жеткiзiлген уағдаластықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекара сызығын жергiлiктi  жерлерде  шекаралық  белгiлермен  бекіту  және
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарын жасау.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

36-қосымша

204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер

министрлігі объектілерін салу және қайта жаңарту"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 2560190 мың теңге (екі миллиард бес жүз алпыс миллион бір жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы "Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 574 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң қызметін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, дипломатиялық қалашықты әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз ету, Астана қаласындағы дипломатиялық қалашықты инженерлiк тұрғыдан қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң жаңа әкiмшiлiк ғимаратының Астана қаласындағы дипломатиялық қалашыққа қызмет көрсету объектілерінiң және дипломатиялық қалашықтың инженерлiк жүйелерiнiң және инфрақұрылымның құрылысын салу.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Қазақстан
Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң  әкiмшiлiк  ғимаратының,  Астана
қаласындағы дипломатиялық қалашыққа қызмет  көрсету  объектілерінiң  және
инженерлiк жүйелерi мен  инфрақұрылымның  құрылысын  салуды  аяқтау  және
пайдалануға беру.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

37-қосымша

ҚР Үкіметінің 19.02.04 ж. № 197 қаулысымен 37-қосымша өзгертілді

204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Шетелдiк iссапарлар"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 571906 мың теңге (бес жүз жетпiс бір миллион тоғыз жүз алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі "Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапарлар" 041 бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы" № 410 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы "Шетелдiк iссапарларға арналған валюталық қаражатты жұмсауды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" № 148 қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1998 жылғы 16 қарашадағы "Шетелдiк валютадағы iссапарлық шығыстардың орнын толтыру туралы" № 534 қаулысы.