2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 33-41 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 19.02.04 ж. № 197; 23.06.04 ж. № 197к қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру кездерi: республикалық бюджеттiң қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шетелдiк сапарларына байланысты iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың шетелдiк iс-сапарларға жiберiлген лауазымды адамдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7.  Бюджеттік  бағдарламаны  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:   Шет
мемлекеттермен достық  қатынастарды  орнатуға,  қолдауға  және  дамытуға,
сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени  қатынастарды
дамытуға,  мемлекеттік  органдардың  лауазымды  адамдары  мен   үкiметтiк
делегациялардың шетелде тиiстi деңгейде  ұсынылуына  қатысты  мiндеттердi
жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

38-қосымша

204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Өкiлдiк шығындар"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 397512 мың теңге (үш жүз тоқсан жетi миллион бес жүз он екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" № 173 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" атты № 1578 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi мен өкiлдiк шығындардың нормаларын бекіту туралы" № 281 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шетелдiк ресми делегациялардың қатысуымен ресми iс-шараларды (кеңестер, семинарлар, салтанатты жиындар және т.б.) өткізудi қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасында шетелдiк ресми делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарларды, салтанатты және өзге де ресми іс-шараларды өткізудi қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Мемлекеттік хатшысының және Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары кезіндегі өкiлдiк шығыстар.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

   
 
 
 
     7.   Бюджеттік   бағдарламаны   орындаудан   күтiлетiн    нәтижелер:
іс-шараларды келетiн делегациялардың мәртебесiне сәйкес  тиiстi  деңгейде
өткізу   және   достық   қарым-қатынастарды   қолдау,   сыртқы      саяси
ынтымақтастықты нығайту.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

39-қосымша

204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Дипломатиялық қызмет органдары үшiн

мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау"

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 24772 мың теңге (жиырма төрт миллион жетi жүз жетпiс екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 10 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Дипломатиялық академиясын құру туралы" № 1102 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" атты № 1578 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 24 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетi" мен "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң "Дипломатиялық академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" № 1589 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дипломатиялық қызмет органдарын халықаралық қатынастар саласындағы жоғары біліктi мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Төтеншe және Өкілетті Елшілердің және халықаралық қатынастар саласындағы қызметкерлердің біліктiгi мен даярлығын арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  сыртқы
саяси қатынастар саласындағы мамандардың деңгейi мен біліктілiгiн көтеру,
кәсіби даярланған және өздерiне  жүктелген  функцияларды  тиiмдi  орындап
жүрген қызметкерлер қатарын өсiру.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

41-қосымша

204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Қазақстан Республикасының дипломатиялық

өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелдегi жылжымайтын

мүлiк объектілерін сатып алу және салу"

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1950676 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз елу миллион алты жүз жетпiс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Елшiлiгi туралы ереженi бекіту туралы" № 832 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдiк мекемелерiнiң жылжымайтын мүлiктi сатып алу, ұзақ мерзiмдi жалға алу, ғимараттарды, құрылыстарды салу, оларды ағымдағы және күрделi жөндеулерден өткізу тәртібі туралы ереже" атты № 1144 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының меншiгiне жататын шетелдердегi жылжымайтын мүлiк объектілерінiң тiзбесiн кеңейту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: шет елдерде дипломатиялық өкiлдiктердi әкiмшiлiк және қызметтiк тұрғыдан орналастыру үшiн жылжымайтын мүлiк объектілерін сатып алу және құрылысын жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Қазақстан
Республикасының  шетелдiк  мекемелерiн  өз  меншiгіндегі     ғимараттарға
орналастыру, тұрғын үйлер  мен  қызмет  бабындағы  жайларды  жалға  алуға
арналған әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту.