Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында
мiндеттердi бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 қаңтардағы № 16-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 120-ө өкімімен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 129-ө өкімінiң күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 қаңтардағы
№ 16 өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында
міндеттерді бөлу
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметов
Yкiметтің қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтің атынан өкілдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Yкiметтің заң шығару қызметiн үйлестiру.
Қорғаныс, құқық тәртібі мәселелерi.
Мұнай-газ секторын дамыту, мемлекеттік бюджет мәселелерi.
Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына басшылық жасау.
Yкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы iстер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Әдiлет министрлiгінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiктің (қаржы полициясы) қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А.Марченко
Экономикалық жоспарлау және даму, қаржы, салық және тариф саясаты, қорлану және сақтандыру рыноктарын дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi.
Мақсатты бағдарламаларды iске асыру мәселелерi: тұрғын үй рыногын дамыту, халықты әлеуметтiк қорғау реформасын аяқтау, Алматы қаласында өңiрлiк қаржы орталығын дамыту, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
Yкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономика ұйымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, білім беру, ғылым, мәдениет, ұлтаралық қатынастар, денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелері жөніндегі қызметiн үйлестiру.
Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің, Білiм және ғылым министрлігінiң, Мәдениет министрлiгінiң, Ақпарат министрлігінiң, Денсаулық сақтау министрлiгінiң, Статистика жөніндегі агенттiктiң, Кедендiк бақылау агенттiгiнiң, Туризм және спорт жөніндегі агенттiктiң, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiктiң, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаев
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, инвестициялық саясат, экономиканы жедел басқару, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысы, Қазақстанның Дүниежүзілiк сауда ұйымына енуi мәселелерi.
Мемлекеттік органдардың өндірiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды дамыту мәселелерi жөніндегi қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттік материалдық резервтер, төтенше жағдайлар, геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелері.
ТМД елдерімен және ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру.
Мемлекеттік даму институттарының (Қазақстанның Даму Банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация және басқалары) қызметiн үйлестiру Индустрия және сауда министрлігінің, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiктің, Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiктің қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есімов
Өңiрлiк саясат мәселелерi.
Мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптік кешендi дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегі қызметін үйлестiру.
Аграрлық ғылым, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, жер және су қатынастары мәселелерi.
Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi.
Көшi-қон және демограФия саясаты мәселелерi.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметiне басшылық жасау.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiктің, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктің қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы А.А.Тiлеубердин
Үкiметтің шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
Yкiметтің кадр саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Үкiметтің өңiрлiк саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Yкiметтiң облыстар әкімдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-Министр Кеңсесiнің Президент Әкiмшілiгiмен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.