«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 466 қаулысы (2007.30.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 466 қаулысы

(2007.30.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 148 Қаулысымен күші жойылды

 

«Сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» акционерлік қоғамының активтерiн инвестициялау ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi және 2003 жылғы 5 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

3. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» акционерлік қоғамына жiберсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететiн болсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Басқармасының "Сақтандыру

төлемдеріне кепілдік беру қоры"

акционерлік қоғамының активтерін

инвестициялау ережесін бекіту туралы"

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 466 қаулысымен бекітілген

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.