1. Құны: 38750 мың теңге (отыз сегiз миллион жетi жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы" 2000 жылғы 3 сәуірдегі Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы мәселелерi" 2001 жылғы 28 қыркүйектегi № 691 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары туралы ереженi бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің жас публицистердiң терең шығармашылық iзденiстерiн қолдауға арналған гранттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 60 Өкімі; "Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мен гранттарды бекіту туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы № 200-ө Өкімі; "Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерiн шығармашылық, қоғамдық белсендi қызметке моральдi және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiтшiлiк пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенiмдiктi нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдiк пен бiрдей жариялылыққа бағытталған қызметтi белсендiлендiру; қоғамдық және ұлтаралық келісімдi бекіту, республиканың көпұлтты халқының бiрлiгiн нығайту; демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
328-қосымша
236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерiн басып шығару"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 608592 мың теңге (алты жүз сегіз миллион бес жүз тоқсан екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мерейтойлар мен атаулы күндердi мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi № 1465 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мерейтойлық iс-шараларға арналған жыл сайынғы қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейiн көтеру үшiн әлеуметтiк маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдiк құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қазақ мемлекеттiгi қалыптасуының сан қырлы мәселелерiн көрсететiн өзектi, мазмұнды шығармаларды шығару. Ғылыми, көркем, және энциклопедиялық әдебиетті шығару. Мемлекеттік тiлде ұлттық әдебиет пен жазудың озық үлгiлерiн, әлемдiк ғылыми ойдың, мәдениеттің және әдебиеттiң жетiстіктерiн дайындау және шығару. Жоғары сапалы баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: халықтың
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
329-қосымша
236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Iшкi саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік
саясатты жүргiзу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 59964 мың теңге (елу тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралары туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралары туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары ассамблеясының Стратегиясы және Қазақстан халықтары ассамблеясының ережесi туралы" 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 қаулысы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы; "Азаматтық қоғамды бұдан әрi демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысы; "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы жөніндегі түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі № 28-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер жүргiзу, республикада қоғамдық келісімдi нығайту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикадағы қоғамдық-саяси жағдайлар мен ахуалды, жүргiзiлiп жатқан реформалар бағытын қолдау деңгейiн, жүргiзiлiп жатқан мемлекеттік саясатқа қатынастарын зерделеу, орталық және өңiрлiк билiк институттарының рейтингiн, саяси зиялылардың имидждiк сипаттамаларын, саяси бiрлестiктерге сенiм бiлдiрушiлiктiң деңгейiн анықтау, саяси шиеленiстiң әлеуетiн айқындау, қоғамдық-саяси процестердiң негiзгi динамикасын айқындау; түрлi әлеуметтiк топтардың республикалық және өңiрлiк көкейтестi проблемаларға қатынастарын зерделеу; халықтың ұлтаралық қатынастарды бағалауын және мемлекеттік ұлттық саясаттың тиiмдiлiк деңгейiн айқындау; этносаралық жағдайдағы конфессияаралық проблемаларды айқындауды талдау; iшкi саяси қауiпсiздiктiң негiзгi аспектiлерi, Қазақстан мен Ресейдiң ықпалдастығының келешегi бойынша қауiп-қатер мен қыр көрсетудi қоғамның қабылдауын айқындау; сайлаушы топтардың имидждiк ұнатуларын айқындау, әлеуеттi, пассив сайлаушыларды анықтау, саяси мәдениетті және халықтың белсендiлiгiн, түрлi нысандағы сайлауларға дайындығын, сайлаушылық бағдарлары мен ұстанымдарын болжамды бағалау.
Сындарлы сұхбат және партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстармен өзара iс-әрекеттi нығайту, партияаралық қатынастардың тұрақты жүйесiн қалыптастыру, үкiметтiк емес сектордың динамикалық дамуы, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру мен әлеуметтiк әрiптестiк қатынастарды дамытуда үкiметтiк емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету жөнiнде нысаналы және дәйектi жұмыс жүргiзу, республикадағы қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингiн жүргiзу, "Қазақстан-2030" Стратегиясын, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарын, Президенттiң Қазақстан халқына үндеуiн, Үкiметтің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын, мемлекеттік нышандарды насихаттау жөнiнде нысаналы жұмысты қамтамасыз ету, iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімдi қамтамасыз ету саласындағы облыстық құрылымдардың өңiраралық үйлестiру мен өзара ic-әрекет ету жөніндегі кешендi жұмысын жүргiзу.
Қазақстан Республикасында үйлесiмдi этносаралық қатынастарды қамтамасыз етудегi этномәдени бiрлестiктердiң бар күшiн бiрiктiру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Күтiлетiн нәтижелердiң iшiнде маңыздыларының бiрi халықты белсендi саяси қызметке тарту, азаматтық қоғам негiздерiн нығайту, реформаларды алға жылжытуға iскерлiкпен қатысуға негiзделген саяси мәдениеттi қалыптастырудағы мемлекеттік органдардың үкiметтiк емес сектормен, саяси партиялар және қозғалыстармен сындарлы өзара iс-әрекетi болып табылады.