2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 324-330-қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасында ұлтаралық бірлікті, келісімді және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және нығайту.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

330-қосымша

236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 8217 мың теңге (сегiз миллион екi жүз он жетi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес Стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрестiң басымды шараларының 2001-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есiрткiнi асыра пайдаланудың алдын алу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықты есiрткiге қызығушылығын арттыратын ақпараттардан ақпараттық-психологиялық қорғауға негiз болатын нашақорлық пен есiрткi бизнесi туралы ақпараттармен қамтамасыз ету, салауатты өмiр салтын насихаттау, нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күреске бағытталған iс-шаралар жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.