7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мұражай-қорықтар құрамына енетiн мәдениет тарихы ескерткiштерiнiң халық игiлiгi ретiнде сақталуын қамтамасыз ету. Тұрғындардың және туристердiң көптеп келулерiн қамтамасыз ету.
1. Құны: 1806795 мың теңге (бiр миллиард сегiз жүз алты миллион жетi жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республика халқының рухани сұраныстарын қанағаттандыру, рухани-эстетикалық және мәдени тәрбие, ұлтаралық келісiм мен ішкi саяси тұрақтылықты нығайту, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қазiргi қазақстандық қоғамның барлық шынайы өмiрiн, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық тарихын көрсететiн ұлттық фильмдер өндiрiсi; ұлттық кинематографияны дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламасы орындаудан күтілетін нәтижелер: республика халқын идеологиялық тәрбиелеуде және Қазақстан Республикасының беделін қалыптастыруда ұлттық фильмдердің рөлін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
314-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 83150 мың теңге (сексен үш миллион бip жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 қыркүйектегi "Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы "Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 256-IІ Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы 2001-2005 жылдарға арналған мұрағат iсiн дамыту бағдарламасы туралы" № 797 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 26 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы 2001-2005 жылдарға арналған мұрағат iсiн дамыту тұжырымдамасы туралы" № 146 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы "Құжат көшiрмелерiнiң мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереженi бекіту туралы" № 578 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұрағат құжаттарын, Қазақстан Республикасы аумағында шығатын құпия емес басылымдардың бақылаушы данасы негiзiнде мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Мемлекеттік библиографияның ғылыми орталығын, басылымдар статистикасы мен орталықтандырылған каталогты шет елде тапсырыспен басылған, жетiспейтiн басылымдармен қамту, барлық жарияланымдарды есепке қою мен ғылыми сұрыптау, кiтаптар (ISВN) мен сериялық басылымдардың (ISSN) халықаралық стандарттық реттілігiн қолданысқа енгізу, Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн дамыту мен жетiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғылыми-библиографиялық орталықты қамтамасыз ету; республикада барлық тiлде шығатын жарияланымдардың негiзгi түрлерiн библиографиялық сұрыптауды iс жүзiне асыру; Қазақстан Республикасындағы баспаның дамуы туралы статистикалық жинақтарды әзiрлеу, республика аумағында барлық баспасөз шығарылымдарының ғылыми өңделуiн, бақылануын, есепке алынуын ұйымдастыру; жоғары тұрған инстанцияларды, республикалық мекемелердi, кiтапханаларды және жеке тұлғаларды елдiң басылым өнiмдерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 1917 жылдан бастап республикада барлық тiлде шыққан жарияланымдарды тiркейтiн каталоггар мен түбiртектер жасау; Қазақстан Республикасы туралы шет жерде шыққан ақпаратты жинау үшiн алмасу қорын жасау; ТМД республикалары туралы Қазақстанда жарияланған шығармаларды табу және есепке алу, библиографиялық сипаттау және жүйелеу және библиографиялық сипаттау түсiрiлген карточкаларды басқа кiтап палаталарына жiберу; баспалар мен басушы ұйымдардың МЕСТ және басқа да нормативтiк-регламенттеушi құжаттың талаптарын сақтауына бақылау жасау, басылымдарды рәсiмдеуде медико-консультативтiк көмек көрсету; ISBN және ISSN кiтаптар мен сериялық басылымдардың халықаралық стандарттық реттілігiн қолданысқа енгізу; мұрағат қорын жыл сайынғы баспасөз басылымдарымен уақытылы қамтамасыз ету, оны өңдеу және дезинфекциялау; республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қызметiне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы барлық құжаттарды, соның iшiнде 1917 жылға дейiнгiсiн, жиынтықтау, сақтау және пайдалануды жүзеге асыру; мұрағат iсiнде ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жүргiзу; басқару, аудиовизуальдық, ғылыми-техникалық құжаттармен жұмыс; ақпараттық ресурстарды жинау, жүйелендіру, іздеу мен пайдалану тетіктерін жетiлдiру, оны нарық экономикасының талаптарына сәйкестендiру, саланың материалдық-техникалық базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мұрағат қоры мен Мерзiмдi басылымдар қорындағы құжаттарды сақтау, жиынтықтау, пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қол жеткізу, мемлекеттік мұрағат мекемелерін нарықтық экономика жағдайына бейімдеуді аяқтау, мұрағат саласының қызметін жетілдіру, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және қазіргі стандарттарға сәйкестендіру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
315-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әлеуметтiк маңызды және мәдени iс-шараларды өткізу"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 195000 мың теңге (бiр жүз тоқсан бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Мерейтойлар мен атаулы күндердi өткізу туралы" 1999 жылғы 28 қыркүйектегi № 1465 қаулысы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № 28-p "2003-2006 жылдар аралығында Республикалық масштабта өткiзiлетiн күндер мен юбилейлер" өкімі; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мерейтойлар мен атаулы күндердi өткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мерейтойлық және атаулы күндердi ұйымдастыру және өткізу.
ҚР Үкіметінiң 2004.27.12. № 197ах қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: iс-шараларды тақырыпқа сәйкес жоғарғы кәсiби деңгейде өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында олар туралы пiкiрлер мен жарияланымдар жариялау.