7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасындағы жастардың ғылыми, творчестволық және қоғамдық қызметтерінің көтерілуі.
1. Құны: 1269762 мың теңге (бір миллиард екi жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз алпыс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Мәдениет туралы" Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының театр және музыка өнерi саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жұртшылықты мәдени өмiрге тарту мақсатында республика мен өңiрлер тұрғындарын концерттiк iс-шаралармен қамтамасыз ету; қазақ халқының музыкалық-поэтикалық мұрасын, қазiргi композиторлар шығармалары мен әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiн мақсатты түрде насихаттау, сол арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары мен жас ұрпаққа эстетикалық, iзгiлiктi тәрбие беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы этностарының ұлттық мәдениетін дамыту мен байыту, жұртшылықтың мәдени қажеттілігін өтеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
321-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттың жалпыға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 235955 мың теңге (екi жүз отыз бес миллион тоғыз жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы" Заңының 4-бабы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының мәдени және ақпараттық қорының маңыздың бөлiгi болып табылатын елiмiздiң кiтапханалық қорын, деректi және жазба мұрасын бүгiнгi және келешектегi ұрпақтардың мүддесiне сай сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мыналар арқылы түрлi ақпарат көздерiн жұртшылыққа сақтау мен жеткізу: Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы, Жамбыл атындағы мемлекеттік республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы, С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кiтапханасы, Зағиптер мен нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасы.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: оқырмандар қажетiн толықтай, өз уақытында және нақты түрде өтеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
322-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мәдениет объектiлерiн дамытуға облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық
трансферттер"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 3410000 мың теңге (үш миллиард төрт жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 33-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет объектiлерiн өркендету.
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласында цирк, "Думан" ойын-сауық объектiлерiнiң кешенiн салу және Ұлытау тауына Қазақстан халықтарының бiрлiгi мен мемлекеттік тұтастығын бiлдiретiн монумент орнату үшiн қаржы бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Астана қаласында 2000 орындық цирктiң құрылыс-монтаждық жұмыстарын сметалық құнынан 62,95 % көлемiнде орындау және Ұлытау тауында Қазақстан халықтарының бiрлiгi мен мемлекеттік тұтастығын бiлдiретiн монумент орнатып бiтiру, Астана қаласында "Думан" ойын-сауық объектілерiнiң кешенiн салу.
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
322-1-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мәдени объектілерiн салу және қайта жаңарту"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 4000 мың теңге (төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: материалдық-техникалық базасын құру және мәдениет ұйымдары ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мәдениет ұйымдары ғимараттарын салу және қайта құруды жүргiзу жөнiнде мемлекеттік сараптама және жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Немiс театрының негiзгi ғимаратына қосымша құрылысты және Мемлекеттік академиялық би театрының көрермен залының құрылысын аяқтау үшiн белгiленген тәртiппен бекітілген және мемлекеттік сараптамадан өткен, жобалау-сметалық құжаттамасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
323-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3992 мың теңге (үш миллион тоғыз жүз тоқсан екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "2001-2005 жылдарда Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi" туралы 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықты нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң зияны туралы ақпараттық қамтамасыз ету; халықты ақпараттық-психологиялық қорғау, есiрткiлiк имунитеттi қалыптастыру, caлауатты өмiр салтын насихаттау, нашақорлық және есiрткi бизнесiмен күреске бағытталған iс-шаралар жүргiзу, есiрткi пайдаланушыларды сауықтыру және оңалту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес профилактикасының жүйесін нығайту, есірткіні пайдалануға байланысты проблемаларды шешуде қоғамды барынша шоғырландыруға қол жеткізу. Астана қаласының мәдени, рухани келбетiн жақсарту мен одан әрi дамыту