5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердi аурудың барлық түрiн, мүгедектi және өлiмдi кемiтуге бағытталған профилактикалық iс-шаралардың кешенiн ұйымдастыру және жүргiзудi; қазiргi заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтармен жарақтандыру, профилактика, диагностика және емдеу жөніндегі жұмыстың озық нысандары мен әдiстерiн зерделеу және енгізуді; салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; дәрiгерлердiң және орта буындағы медициналық қызметкерлердiң біліктiлiгiн жоғарылатуды; құқық қорғау органдарын оңтайлы жасақтау мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми-әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және практикалық iс-шараларды ұйымдастыруды әскери-дәрiгерлiк сараптау материалдары бойынша ведомстволық медициналық және әскери-медициналық мекемелердегi емдеу-диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылуын, жүргізiлуiн және олардың нәтижелерiн бақылауды жүзеге асыруды; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің бөлiмшелерiнде қолданыстағы санитарлық заңнаманың, санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етудi; қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға және жоюға бағытталған санитарлық-iндетке қарсы iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыруды; iшкi iстер органдарының және ішкi әскерлер қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң арнаулы мекемелерiнде ұсталатын контингенттің денсаулығын нығайту үшін жағдай жасауды орындау үшін олардың аппаратын ұстау. Ішкi iстер органдары мен iшкi әскерлердің қызметкерлерiн, олардың отбасы мүшелерiн, әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiн емдеу үшін "Қазақстан" емдеу кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны ұсынатын медициналық қызметтер үшін ай сайын ақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне кешенді білікті, мамандандырылған, кеңестiк-диагностикалық профилактикалық және стационарлық көмек көрсетуде Қазақстан Республикасы Ішкi iстер минитрлiгінiң Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақытылы орындалуы. Құқық қорғау органдары мен iшкi әскерлер қызметкерлерiн, әскери қызметшiлерiн, сондай-ақ зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн Емханалы орталық госпитальде емдеу үшiн саны 15 402 күндiк-төсек орын ұсыну. Құқық қорғау органдары мен iшкі әскерлердiң қызметкерлерiн, әскери қызметшiлерiн, сондай-ақ зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн "Қазақстан" емдеу кешенiнде" стационарлық емдеу үшін саны 27 410 күндік-төсек орын ұсыну.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
24-қосымша
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197я қаулысымен 24-қосымша өзгертілді
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
24-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
25-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жүргізуші куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу үшiн
қажет құжаттарды және нөмiр белгiлерiн дайындау"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1732097 мың теңге (бip миллиард жетi жүз отыз eкі миллион тоқсан жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүргiзушiлердiң және көлiк құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру жөніндегі заңнамада белгiленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік тiркеудiң нөмiрлiк белгiлерiн, көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктер мен жүргiзушi куәлiктерiн қоса алғандағы жол полициясының арнайы өнiмдерiн әзiрлеуi және өткізудi ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жүргізушілердің және көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру жөніндегі заңнамада белгіленген мемлекеттік функцияларды іске асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
26-қосымша
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197я қаулысымен 26-қосымша өзгертілді
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
26-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
27-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасына келетiн шетелдiк азаматтарды көші-қон
карточкаларымен қамтамасыз ету"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11000 мың теңге (он бiр миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күші бар Жарлығы; "Көшi-қонға бақылау жасауды күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елiмiзге келетiн шетелдіктердi есепке алу; шетелдiк азаматтардың елiмiзде болуын бақылау жүйесiн жетілдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасына келетiн шетелдiк адамдарды көші-қон карточкаларымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: шетелдiк азаматтардың елімiзде болуын бақылау жүйесiн жетiлдiру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
28-қосымша
ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402 қаулысымен 28-қосымша алынып тасталды
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Тергеу изоляторларында СПИД iндетiне қарсы iс-қимыл"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3225 мың теңге (үш миллион екi жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкі iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында АҚТҚ инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шараларын күшейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тиiмдi профилактикалық iс-шараларды, бiрiншi кезекте АҚТҚ-ны жұқтыру қаупi бар адамдар арасында жүзеге асыру; бiрiншi кезекте тергеу қамауындағы адамдарды АҚТҚ инфекциясының алдын алу мәселелерi жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, тергеу изоляторларын медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер:
тергеу изоляторларында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына қарсы әрекет жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
29-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Денсаулық сақтау объектiлерiн салу және қайта жаңарту"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 30000 мың теңге (отыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелерi" деген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1433 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiн, олардың отбасы мүшелерiн және iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң зейнеткерлерiн медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң емханалы госпиталiн салу үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу және оған мемлекеттік сараптама жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік сараптамадан өткен және заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
30-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тұрғын үй салу"
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 180000 мың теңге (бip жүз сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласына қайта дислокацияланған iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысын аяқтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Астана қаласында 38 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысын аяқтау және пайдалануға тапсыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
31-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Учаскелік полиция инспекторларын техникалық-материалдық жабдықтау
және ақшалай үлестiң ұлғаюына облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалалық бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 716000 мың теңге (жетi жүз он алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамдық тәртiптi қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: полицияның учаскелiк инспекторларының еңбекақысын көтеру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.