2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі) (ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 392-397 қосымшалар)

Предыдущая страница
 
 
     7.   Бюджеттік   бағдарламаны   орындаудан   күтiлетiн    нәтижелер:
Мемлекеттің  экономикасын  геодезиялық  және  картографиялық   өнiмдермен
қамтамасыз ету, геодезиялық және картографиялық материалдарды есепке алу,
сақтау және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ  ауылды  елдi  мекендердi
картографиялық материалдармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

396-қосымша

614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Республикалық картографиялық фабриканы салу"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы № 414 "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы геодезия және картография Бас басқармасының құрамында Республикалық картографиялық фабрика құру туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1000 "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтi жоспары туралы" қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Картографиялық өнiммен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Картографиялық фабриканың құрылысы.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

    
 
 
 
     7.   Бюджеттік   бағдарламаны   орындаудан   күтiлетiн    нәтижелер:
құрылыс-монтаждық   жұмыстар   көлемiн   орындау   және     Республикалық
картографиялық  фабрика  құрылысы  бойынша  құрал-саймандарды  сатып  алу
(жалпы смета құнының құрылыс басталғаннан кейiнгi 50,6%).

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

397-қосымша

614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы

ғылыми зерттеулер"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 37206 мың теңге (отыз жетi миллион екi жүз алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер Кодексiнiң 8, 9, 10, 11, 139, 149, 152, 153, 159, 160, 161, 162-баптары; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу Ережелерiн бекіту және оның мәмiлеметтерiн пайдалану туралы" 2003 жылғы 19 қыркүйектегi № 956 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерi есебiнiң бiрыңғай автоматтандырылған мәлiметтер жиынтығын құру туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 қаулысы; "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының жер ресурстарының потенциалын ұтымды пайдалану мен қорғауды инновация базасында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету және оны экономикалық айналымға енгізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету; мониторинг бойынша инновацияны ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелi-эксперименталды қолдауды қамтамасыз ету, жердi зерттеу, картографиялау және ландшафты-экологиялық және геоақпараттық жүйелер негiзiнде аумақты ұйымдастыру; ақылы жер пайдалану, жердiң нарықтық айналымы мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру жүйесінiң ғылыми-әдiстемелiк базасын әзiрлеу; қолайлы жер пайдалану нормативтерiн әдiстемелiк негiздеу мен әзiрлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

    
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  құқықтық,
фискалды және көпмақсатты  жер  кадастрының  концепциясы,  принципi  және
негiзделуi; мемлекеттік жер  кадастрының  автоматтандырылған  жүйелерiнiң
концепциясы,  құру  принциптерi,  жүргiзу  технологиясы,    стандарттары,
анықтамалықтары (МЖК ААЖ); жер учаскелерiнiң  меншiк  иелерiнiң  бiрыңғай
мемлекеттік  реестрiн  (ЖБМР)  жасау  әдiстемесi;  мониторинг     жүйесiн
жүргiзудiң  концепциясы,  бағдарламасы,  әдiстемелiк  және    нормативтiк
қамтамасыз  етiлуi;  ландшафты-экологиялық  тұрғы  негiзiнде      аумақты
жоспарлау мен ұйымдастыру принциптерi мен әдiстерi; ұзақ ауыл  шаруашылық
игеру     жерлерiн     ландшафты-экологиялық     зерттеу;     көрсетiлген
шаруашылықтардың (М 1: 10000,       1:25000) және базалық ауданның (M 1:
100000) ландшафтық карталары; ақылы  жер  пайдаланудың  концепциясы  және
жердiң нарықтық айналымын жасау; жер  рентасын  жасау  принциптерi;  ауыл
шаруашылық  алқаптары  мен  елдi  мекен  жерлерiн  кадастрлық  бағалаудың
жетiлдiрiлген әдiстемесi;  жаңа  құралдар  мен  технологияларды  қолданып
орындалатын жекелеген жерге орналастыру, жер-кадастрлық  жұмыстарға  және
олардың  жаңа  түрлерiне  уақыт  нормалары;  жер  учаскелерiн  кадастрлық
бағалау, паспорт жасау, сандық электронды карталар және т.б. жасау.