7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық
iс-шараларға, соның iшiнде Афины қаласындағы (Грекия) ХХYIII жазғы
Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуi. Президенттiк сынақтар
өткізу. 50-ден аса әлем, Азия, Еуропа чемпиондарын даярлау. Спорт
шеберлерi мен халықаралық дәрежедегi спорт шеберлерiн, жасөспірімдер мен
жеткіншіктер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда,
халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеу. Жоғары
дәрежелі спортшылар даярлау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
387-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстанның туристiк имиджiн қалыптастыру"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 34028 мың теңге (отыз төрт миллион жиырма сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 10, 11-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 және "Туристiк саланы дамытудың бірiншi кезектегi шаралары туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 947 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның туристiк беделiн нығайту, туристiк саланың индустриясын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: iшкi рыноктi қорғау, Қазақстан Республикасында туризмдi дамытуға бағытталған туристiк iс-шараларды, соның iшiнде көрмелер мен жәрмеңкелердi өткізу және қатысу арқылы туристiк қызмет көрсету экспортын ұлғайту, Қазақстан Республикасындағы туристiк саланы дамытуға бағытталған туризм инфрақұрылымына инвестициялар тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндеғi iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер:
Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру, келу туризмінiң көлемiн
ұлғайту, туристiк қызметтердiң жиынтық экспортын көбейту, халықаралық
(келу) туризмiнен түсетiн түсiмдердi арттыру. Туризм саласындағы
экономикалық көрсеткiштердiң санын өсiру, Қазақстанның туристiк беделiн
нығайту, халықты жұмыспен қамту. Жалпы iшкi өнiмдегi туризмнiң үлесiн
арттыру. Туризм инфрақұрылымын жақсарту, Қазақстан Республикасында
бәсекеге қабiлеттi туристiк рынок құру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
388-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 153 мың теңге (бip жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Жазушы Сейдахмет Бердiқұловты мәңгiлiк есте қалдыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1363 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты насихаттау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшiн журналистердi ынталандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: спорт және
дене шынықтыру, халық арасында бұқаралық спортты және жоғары жетiстiктер
спортын дамыту туралы мақалалар жариялау yшiн журналистердiң
қызығушылығын арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
389-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 456146 мың теңге (төрт жүз елу алты миллион бір жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18 және 24-баптары, Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Спортта дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 16 қыркүйектегi № 1125, "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755, "Қазақстан спортшыларын 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситиде (Америка Құрама Штаттары) кезектi қысқы және 2004 жылғы Афинадағы (Грекия) XXVIII жазғы олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510, "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесiн құру туралы" 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 және "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi" туралы 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әрбір оқушының жеке қабiлетiн дамыту, оларға таңдаған спорт түрiмен шұғылдануы үшiн қолайлы жағдай жасау, спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттарды негiзгi құралдармен қамтамасыз ету және халықаралық деңгейдегi жоғары біліктi спортшыларды, олимпиадалық спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына мүшелер мен үмiткерлердi дайындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: спортта дарынды балаларды оқыту және әрбір оқушының табиғи қабiлетiн жан-жақты дамыту, жыл бойы оқу-жаттығу сабақтарын толық көлемде өткізу, олардың дене жетiлуiн жан-жақты дамыту мен олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, спорт түрлерiнен ұлттық құрама командалар сапына үмiткер спортшылардың резервiн даярлау және олардың алда тұрған Қазақстан Республикасының бірiншiлiктерi мен Азия, Әлем чемпионаттарына қатысуы, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерiнен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау.
ҚР Үкіметінің 01.12.04 ж. № 197аг қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жоғары
дәрежелi спортшыларды шығару, республиканың ұлттық құрама командаларына
мүшелiкке үмiткерлердi, сондай-ақ спорт шеберлерi мен халықаралық
дәрежедегi спортшыларды даярлау; Қазақстан Республикасы құрама
командаларының мүшелерiмен және үмiткерлермен оқу-жаттығу сабақтарын
өткізу, сондай-ақ мектептердiң контингентiн жоғары сыныпты спортшылармен
және халықаралық дәрежедегi спорт шеберлерiмен толықтыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
390-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерiн дамыту"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 47534 мың теңге (қырық жетi миллион бес жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылда ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту, ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуды жаңа әрi сапалы деңгейге шығаруға қабiлеттi ұйымдық-әдiстемелiк, насихаттық және тәрбиелiк шаралардың бірыңғай кешенiн әзiрлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халық арасында ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру-спорт бірлестiктерiнiң және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуды ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: халықтың
әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлерiмен және халық ойындарымен
шұғылдануға тapтa отырып, салауатты өмiр салты қағидаттарын орнықтыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
391-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның