2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі) (ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 331-339 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Республикалық жедел-құтқару отрядының, әскери бөлiмдердің, аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отрядтарының Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты дер кезiнде және сапалы өңдеу, ұдайы әзiрлiктегi күштер мен құралдарды және төтенше жағдайларды жою құралдарын тұрақты және үздiксiз басқаруды қамтамасыз ету. Халықты, шаруашылық жүргiзушi объектiлердi және жерлердi сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету, Алматы облысының қорғану құрылыстарын, селден қорғау көлемi 12,6 млн.м3 Медеу кешенiн пайдалану жағдайында ұстау, Мохнатка тауындағы шахталық су қабылдағышты жөндеу, Есентай өзенi бойында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу. Үлкен Алматы өзенiнде селден қорғау көлемі 14,5 млн.м3 сел бөгетi, Үлкен Алматы өзенiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын, бөгет пен суағарларды тазалау, өзеннiң тұрақты ағуы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргiзу. Қаскелең өзенi арнасы тұрақтандыру бойынша жөндеу жұмыстары, қар суларын өткiзiп жiберу, мұзарт көлдердi ағызып жiберу, сел бөгеу көлемі 12,8 млн.м3 Есiк көліндегі сел бөгетi, Есiк өзенi бөгетіндегі ағымдағы жөндеу жұмысы, Есiк өзеніндегі № 3, 4, 5 сел қабылдау ыдыстарын тазалау, Барахудзир өзенінде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жалғастыру. Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенiнiң жағалауларын берiктендiру бойынша жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары, Қарауыл тоспасында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, Семей қаласынан өтетiн 3053 м ұзындығында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары, қар суларынан қорғау шаралары, Зырьяновск қаласының қар көшкiнiнен қорғау құрылғыларын жөндеу, "Eciк" өзенi ағысында, № 9, 10 су ағу бөгеттерiнде, Қаскелең және Үлкен Алматы селден қорғау құрылыстарында, Ажар бөгетiнде, Кіші Алматы өзеніндегі "Дамба" су бөлгіштерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу. Қатон Қарағайдың қар көшкінінен қорғау құрылғыларын жөндеу. Оңтүстiк Қазақстан облысында Бадам өзенінің бойында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары, ұзындығы 2200 м тоспа, дүлей зiлзаланың, аварияның, апаттың зардаптарын жою мақсатында автомобиль техникасымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен жарақтандыру және зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету. Республикалық жедел-құтқару отрядын болашақта дамыту, автокөлікті, химияға қарсы және сүңгуiр құралдарын, арнайы құрал-саймандарды, радиобайланысын және медициналық тренажерларды жедел режимде (тұрақты әзiрлiкте) ұстау, әскери бөлiмдердiң тұрақты қызметі, дүлей зiлзаланың аварияның, апаттың зардаптарын жою мақсатында өңiрлiк аэромобильді жедел-құтқару отрядтарын авариялық-құтқару, автомобиль техникасымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен жарақтандыру, халықты сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар кезiнде зардап шегушiлердiң санын азайту, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жедел қимылдау үшін тікұшақтарды ұшу жарамдылығы мен техникалық пайдалану жағдайында ұстау. Зардап шеккен халық үшiн тiршiлiкпен қамтамасыз ету құралдарының жедел резервiн құру, бұл төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық тіршiлiкпен қамтамасыз ету жеделдiлiгiн арттырады. Метеостанция-3 объектiсiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуы.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

333-қосымша

308 - Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Төтенше жағдайлардан қорғау

объектілерін салу мен қайта жаңарту"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 845900 мың теңге (сегiз жүз қырық бес миллион тоғыз жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сел қауiпсiздiгiн, елдi мекендердi және ауыл шаруашылық объектілерiн, автомобиль, су магистральдарын селден қорғауды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы облысы халқын, ауыл шаруашылығы объектiлерін, автомобиль, су магистралдарын селден қорғау үшiн мына объектiлердiң - "Төменгi Көлсай көлiнде автоматты түрде жұмыс iстейтiн су ағызғыш құрылғы" мен Талғар өзенiнде селдi ұстайтын бөгеттiң күрделi құрылысын салу және табиғи ландшафты сақтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

   
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  Талғар
өзенiнде  селге  қарсы  бөгет  құрылысын  салу-монтаждау       жұмыстарын
орындау (жобаның сметалық құнының      85,6%-ын құрайды). Төменгi Көлсай
көлiнде автоматты түрде жұмыс iстейтiн су ағызғыш  құрылғыны  пайдалануға
беру.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

334-қосымша

308 - Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Өрт қауiпсiздiгi саласында

сынақтарды талдау және жүргiзу"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 7026 мың теңге (жетi миллион жиырма алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Стандарттау туралы" 1996 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық стандарттарды, техникалық шарттарды, құрылыс нормалары мен ережелерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құжаттарымен үйлестiру талаптарын ескере отырып әзiрлеу, өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық және нормативтiк құқықтық базаны дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:

1) сынақтар мен зерттеулер жүргiзу:

- материалдар мен дайын өнiмнiң өрт қауiптiлiгi көрсеткiштерiн анықтау бойынша;

- өрт сөндiргiш құрамдар мен өрттен қорғау материалдарының сапасын анықтау бойынша;

- өрттердi табу және сөндiру техникалық құралдарын;

- өрт сөндiрушiлер мен құтқарушыларды қорғау құралдарын, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi объектiлермен қатар авариялық құтқару және өртке қарсы бөлiмшелерде қолданылатын техниканы;

2) өрт автоматикасының техникалық құралдарын және жабдықтарды, өрт сөндiргiш заттар мен өрттен қорғау материалдарын жобалауға, монтаждау мен пайдалануға нормативтiк құжаттар (мемлекеттік стандарттар, әдiстемелiк ұсынымдар) әзiрлеу, сондай-ақ оларды сынау әдiстерiн қолданыстағы өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық стандарттармен үйлестiгiн ескере отырып анықтау;

3) Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру және дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспаpы.

   
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Қазақстан
Республикасының "Талшықты-электронды өрт  сөндіру  хабарлағыштары.  Жалпы
техникалық  талаптар.  Сынау  тәсілдері",  "Талшықты-электрондық   желілі
түтінді өрт сөндіру  хабарлағыштары.  Жалпы  техникалық  талаптар.  Сынау
тәсілдері", "Түтінді радиоизотоптық  өрт  сөндіру  хабарлағыштары.  Жалпы
техникалық   талаптар.   Сынау   әдістері",   "Жалынды   өрт      сөндіру
хабарлағыштары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау тәсілдері", "Қолмен  өрт
сөндіру  хабарлағыштары.  Жалпы  техникалық  талаптар.  Сынау  тәсілдері"
Мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу және бекіту.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

335-қосымша

308 - Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар

жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 31390 мың теңге (отыз бір миллион үш жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылым құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы № 1159 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы; "Республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында жойқын жер сiлкiнiсiнен болатын залалды азайту жөніндегі iс-шаралар туралы" 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы;

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлар саласында мониторингтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң бірыңғай ақпараттық жүйесiн құру және дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: хабарлаудың республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, жергiлiктi звеноларының автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру жөніндегі техникалық шешiмдердi әзiрлеу, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi корпоративтiк желiлерiнiң аумақтық тораптарын есептеу техникаларымен, телекоммуникациялармен және байланыспен жарақтандыру, геоақпараттық технологияны дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

   
 
 
 
     7. Бюджеттік  бағдарламаны  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  жедел
ақпарат алу, төтенше жағдайлар аудандарындағы  жедел  жағдайларды  болжау
және  олардың  үлгiсiн  электронды  карталарда  түсіру,  ықтимал  төтенше
жағдайлардан болатын залалды азайту.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

336-қосымша

308 - Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Жоғары кәсiби білімдi мамандар даярлау"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 148510 мың теңге (жүз қырық сегiз миллион бес жүз он мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім беру туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 243 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық және арнайы киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиiстi нормаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Өрт қауiпсiздiгi" 170141 мамандығы бойынша біліктi кадрларды кәсiптiк жоғары білімнiң мемлекеттік стандартына сәйкес даярлау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 170141 "Өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша инженерлер даярлау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.