7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы бекiткен Заемдар туралы келісімдердiң мiндеттi шарттарының бiреуiн орындау.
1. Құны: 75204 мың теңге (жетпiс бес миллион екi жүз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексi, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұйымдарды тарату және банкроттық рәсiмдерiн жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ұйымдарды тарату және банкроттығы жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ұйымдарды тарату рәсiмдерiн жүргiзу бөлiгінде соттың шешiмдерiн орындау, заңды тұлғалардың тiркелiмiн және салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн тазалау, салық бересiсiн қысқарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
144-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Акциздік және есептеу-бақылау маркаларын басып шығару"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 110000 мың теңге (бiр жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы бекітілген 21, 368, 373, 531, 549-баптары; "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 11-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Жеке кәсiпкерлерді мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкаларын, жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы; "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулысы; "Алкоголь өнiмiне (сырадан басқа), темекi өнiмдерiне және құрамында темекi бар өзге де өнiмдерге акциздiк алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 134 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды өнiмдi қолдан жасаудан қорғау және заңды жасалғандығын тез арада анықтау, этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң айналымын қатаң мемлекеттік реттеу жағдайында акциздердiң ең жоғарғы толық түсуiн қамтамасыз ету; жеке кәсiпкер және патент негiзiнде салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркеуге кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тарту қызметi мезеттiк сипаттағы тұлғаларды және қызметiн базарларда жүзеге асыратын тұлғаларды салық төлеуге тарту; салық салу объектiлерi мен қызметтiң жекелеген түрлерiнiң (казино, тотализатор, боулинг, бильярд және т.б.) есебiн жүргiзу; мүлiк, көлiк, жер салығын төлеуге жеке тұлғаларды тарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: алкоголь өнiмдерiн өндiрушiлердi есепке алу-бақылау таңбаларымен қамтамасыз ету, салық органдарымен куәлiктер, патенттер, тiркеу карточкаларын беру; салық төлеушiлерге бiржолғы талондарды, уәкiлеттi органдар арқылы салықтардың төленгенi туралы түбiртектерді беру.
ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 197ая қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: акцизделетiн өнiмдердің өндiрiсi мен айналымының барлық сатыларында бақылау, өндiрiстi заңдастыру және акцизделетін өнiмдер рыногын тәртiпке келтiру, тиiстi салықтардың бюджетке төлеудiң уақтылығын және түсуiн қамтамасыз ету; жеке кәсiпкерлерден түсетiн салықтарды 10% өсiру, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысатын, тiркелмеген кәсiпкерлiк қызмет объектiлерi мен субъектiлерiнiң санын азайту, жеке тұлғаларды мүлiк салығын (көлiк, жер, мүлiк) төлеуге толық қамту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
145-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жекелеген негiздемелер бойынша республикалық
меншiкке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 80000 мың теңге (сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 833 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi сақтаумен, тасымалдаумен, бағалаумен, сертификаттау және санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргiзумен, жөнелтумен, сатуды жүргiзумен, жоюмен, iссапарға шығумен және одан әрi пайдаланумен байланысты қызметтерге уәкiлеттi органның ақы төлеуi.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
146-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 271812 мың теңге (екi жүз жетпiс бiр миллион сегiз жүз он екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына (ХВҚ), Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне (ХҚДБ), Халықаралық қаржы Корпорациясына, Халықаралық даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне (ЕҚДБ), Азия Даму Банкiне (АДБ), Ислам Даму Банкiне (ИДБ) мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 2-бабының 1 және 2-тармақтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi, Еуропа Қайта құру және Даму Банкi, Азия Даму Банкi, Ислам Даму Банкi сияқты iрi және беделдi қаржы ұйымдары қатарында акционер мәртебесiн алуға байланысты қабылдаған өз мiндеттемелерiн орындауы, оларға мүшелiк Қазақстан Республикасының кредит ресурстарына, оның iшiнде экономика мен қаржы саласындағы peформаларды қолдауға жеңiлдiктi шарттарда қол жеткізу, техникалық көмек пен гранттарды алуға құқық бередi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу. Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы үшiн көздеген төлемдер кестесiне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелiк жарналарды тұрақты төлеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Халықаралық қаржы ұйымдарының акционерi бола отырып, Қазақстан Республикасы осы халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңiлдiк жағдайларда бағдарламалық және жобалау қарыздарын алады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
147-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
органдарының ақпараттық жүйелерiн құру және дамыту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1696946 мың теңге (бip миллиард алты жүз тоқсан алты миллион тоғыз жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық Кодексi), "Этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 3, 13-баптары; "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндірудi және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңының 6, 11, 12-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi реформалау туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы № 4114 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздігін қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттық жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазынашылықты жаңарту жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 16 қазандағы № 1059 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысы; "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 448 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы; "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жұмыс жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2002 жылғы 13 қарашадағы № 574 бұйрығы; "Бюджет процесстерiн басқару жүйесiн жетiлдiру бағдарламасын iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жұмысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 628 бұйрығы.