7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік және заңнамада көзделген басқа да сараптамадан өткен республикалық инвестициялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелері.
1. Құны: 10651333 мың теңге (он миллиард алты жүз елу бір миллион үш жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық нeгiзi: "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 16-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 38-бабы. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ қарызға алу мүмкiндiгiн ұлғайту және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жиынтық қарыз алу көлемін ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз ету, Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының өлшемдерiн сақтауды қамтамасыз ету, оның халықаралық практикаға сәйкес дамуы, "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттеу мүмкiндiгiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
170-қосымша
220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстанның Даму Банкi" АҚ кредит ресурстарын беру"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4599000 мың теңге (төрт миллиард бес жүз тоқсан тоғыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 9-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 38-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инвестициялық жобаларды кредиттеу бойынша сыйақы ставкаларын төмендету үшiн "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ кредит ресурстарын толықтыру; экономиканың мемлекет үшiн басым секторларында рентабельділігi төмен және ұзақ мерзiмдi инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін мүмкiндiктер жасау; инвестициялар тарту (қарызға алу) құны мен жобалардың өтемділігi (рентабельділігi) деңгейi арасында қажеттi тепе-теңдiк сақтау; бюджет кредиттерiн (қайтарымды негіздегi қаражат) беру кезiнде мемлекеттік қаржы ресурстарын пайдалану тиiмділігiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ инвестициялық жобаларды кредиттеуi.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌─────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬────────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├─────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼─────────────_ │
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├─────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴─────────────_ │
│ 1 007 "Қазақстан- 1- Қазақстан 2004 Қазақстан │
│ ның Даму Республикасының жылдың Республикасы- │
│ Банкi" АҚ Үкіметі бекiткен 1 ның Экономика │
│ кредит "Қазақстанның Даму сәуі- және бюджеттік │
│ ресурстарын Банкi" АҚ кредит- ріне жоспарлау │
│ беру теу ресурстарын дейін министрлігі │
│ беру төрешi мен Қазақстан │
│ шарттарын айқындау- Республикасы- │
│ 2- Қазақстан 2004 ның Экономика │
│ Республикасының жылдың және бюджеттік │
│ Қаржы министрлігі, 1 ма- жоспарлау │
│ Қазақстан Респуб- мырына министрлігі, │
│ ликасының Экономика дейін "Қазақстанның │
│ және бюджеттік Даму Банкі" АҚ │
│ жоспарлау министр- (келісім │
│ лігі және "Қазақстан- бойынша) │
│ ның Даму Банкi" АҚ │
│ арасында кредиттеу │
│ шартын жасасу- │
│ 3- "Қазақстанның 2004 Қазақстан │
│ Даму Банкi" АҚ жылдың Республикасы- │
│ кредит шартына 1 ма- ның Экономика │
│ сәйкес кредит мырына және бюджеттік │
│ ресурстарын бөлуi- дейін жоспарлау │
│ министрлігі │
│ 4- "Қазақстанның Кредит "Қазақстанның │
│ Даму Банкi туралы" шарты- Даму Банкі" АҚ │
│ Қазақстан мен (келісім │
│ Республикасының бекі- бойынша) │
│ Заңына сәйкес тілген │
│ "Қазақстанның Даму кезең │
│ Банкi" АҚ инвести- ішінде │
│ циялық жобаларды кредит │
│ іріктеу және ресурс- │
│ кредиттеу рәсім- тарын │
│ дерін өткізуі және пайда- │
│ "Қазақстанның лану │
│ Даму Банкі" АҚ │
│ ішкі нормативтік │
│ құжаттары- │
│ 5- 2004 жылға Кредит "Қазақстанның │
│ арналған республи- шарт- Даму Банкі" АҚ │
│ калық бюджет тарына (келісім │
│ қаражаты есебінен сәйкес бойынша) │
│ берiлген бюджеттік бекі- │
│ кредит бойынша тілген │
│ негiзгi борышқа мер- │
│ қызмет көрсету зім- │
│ (сыйақы төлеу) және дерде │
│ өтеу рәсімдерін │
│ өткізу- │
└────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелep: "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рентабельділігі коммерциялық жобадан төмен инвестициялық жобаларды ұзақ мерзiмдi кредиттеу мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету экономиканың мемлекет үшін басым секторларында "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ инвестициялық жобаларының кредиттеу құрамын және көлемiн кеңейту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
171-қосымша
220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау
мәселелерi бойынша халықаралық рейтинг агенттiктерiмен өзара iс-қимыл жасау"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 22156 мың теңге (жиырма екi миллион бiр жүз елу алты мың теңге).
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Мемлекеттік органдардың рейтинг агенттіктерiне ақпарат беру жөнiндегі қызметiн үйлестірудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 31 шiлдедегi № 116-ө өкімі; "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысы; Standard and Poor's (1997 жылғы 4 маусым), Fitch Rating Ltd (1997 жылғы 8 қыркүйек), Moody's Investors Service (1996 жылғы 1 шiлде) агенттіктерінің Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингін беру және қайта қарау жөніндегі қызмет көрсетулерiн ұсынуға келісімдер.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының оң инвестициялық беделiн қалыптастыру үшін егемен кредиттік рейтингiн қайта құру мәселелерi бойынша халықаралық рейтингiлiк агенттiктермен өзара іс-қимыл жасау және халықаралық капитал рыноктарына шығу, елiмiзге тiкелей инвестицияларды тарту, егемен кредиттік рейтинг елiмiздiң жалпы экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ оның қарыз алуы мен резидент-компаниялардың қарыз алулары бағаларына ықпал ететін жағдайының маңызды көрсеткiшi болатындықтан сыртқы экономикалық байланыстардың тұрақтылығы.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Yкіметі мен Standard and Poor's (1997 жылғы 4 маусым), Fitch Rating Ltd (1997 жылғы 8 қыркүйек), Moody's Investors Service (1996 жылғы 1 шiлде) сияқты халықаралық үш жетекшi рейтингiлiк агенттiктермен жасалған Келісім шарттарына сәйкес елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және тәуелсiз бағалау негiзiнде рейтингілік агенттiктердiң Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингін беруi және жыл сайынғы қайта қарауы жөніндегі қызмет көрсетулерiне уақтылы ақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингiн арттыру; инвесторлық базаны кеңейту; Қазақстанның халықаралық инвестициялық беделiн арттыру; Қазақстан мiндеттемелерi үшiн төмен тәуекел және өз қарыздарын өтеуге жеткілікті қабiлеттілiк; Қазақстан Республикасына тiкелей инвестициялар құйылуының ұлғаюы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
172-қосымша
220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әлеуметтік-экономикалық дамудың талдамалық зерттеулерi"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 173086 мың теңге (бiр жүз жетпiс үш миллион сексен алты мың теңге).
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылғы негiзгi бағыттары туралы" 2003 жылғы 4 сәуiрдегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысы, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық келісімдi iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2010 жылға дейiнгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарында көзделген мiндеттердi iске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiмен бiрлескен талдамалық зерттеулер жүргiзуi; Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларын iске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдiру, бiрқалыпты әлеуметтiк-экономикалық даму ел экономикасының теңгермелiк деңгейiн арттыру негiзiнде халықтың тұрмыс деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн тиiмдi экономикалық тетiктi қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жалпы экономикалық, салааралық, өңiрлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлiгiнде "Қазақстан-2030" Стратегиясын 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарды және Үкiметтiң 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі шаралар мен тетіктердi жасау; дүниежүзілік экономиканың даму үрдiстерiн, Қазақстанның негiзгi сауда және экономикалық үрдiстерi болып саналатын елдердегі экономикалық жағдайларды зерделеу, сыртқы және iшкі факторлардың елдiң экономикасы мен әлеуметтiк саласына ықпалын бағалау және жайсыз зардаптарды жеңiлдету жөнiнде зерттеулер жүргiзу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын iске асыру бойынша, экономикалық өсу "нысаналарын" айқындау және қазақстандық өнiмнiң бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша ұсыныстар, семинарлар, тәлiм алу және тәжiрибе алмасу бағдарламаларын өткізу, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң сұраулары бойынша консультациялар өткізу; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық талдауын жүргізу және оның негiзiнде peформалар барысын бағалауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында әлеуметтiк-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеу бойынша ұсыныстарды дайындау; Қазақстан Республикасының аумақтық дамуы бойынша кешендi шаралар әзiрлеу; Қазақстан Республикасының стратегиясын дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарларын, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды әдiстемелік қамтамасыз ету.