Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісім (Астана қ., 2004 ж. 9 қаңтарда)

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр»
ғарыш айлағын тиiмдi пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы
келісім
(Астана қ., 2004 ж. 9 қаңтарда)

 

ҚР 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 273-IV Заңымен ратификацияланды

ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. № 7 қаулысын қара

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы XXI ғасырға бағдарланған 1998 жылғы 6 шілдедегi Декларацияны басшылыққа ала отырып,

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын тиiмдi пайдаланудың негiзi қағидаттары мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімнiң ережелерiн дамыта отырып,

төмендегілер туралы келiстi:

 

 

1-бап

Осы Келісiмнiң мақсаты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын iске асыру мүддесiнде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі бiрлескен қызмет шеңберiнде Тараптардың өзара тиiмдi ынтымақтастығын дамыту болып табылады.

 

2-бап

Тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағының инфрақұрылымын жаңғыртудың және оның тарихи маңызы бар объектілерiн сақтаудың маңыздылығын мойындайды.

Ресей тарапы Қазақстан тарапының «Байқоңыр» ғарыш айлағында жаңа экологиялық қауiпсiз зымыран-ғарыш кешендерiн, басқа да бiрлескен ғарыштық жобалар мен бағдарламаларды құру және пайдалану жөніндегі жобаларды iске асыруға қатысуға барынша көмек беретiн болады.

Қазақстандық және ресейлiк мамандар мен ұйымдар «Байқоңыр» ғарыш айлағында бiрлескен жобаларды iске асыруға бiрдей шарттарда қатысатын болады.

3-бап

Тараптар Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-ғарыш қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiгi деңгейiн арттырудың қажеттілігін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.