7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелері:
Сандық көрсеткiштер: Жүйелi және базалы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 3 жиынтық.
Техникалық құралдар сатып алу - 3 жиынтық.
Жеке тұлғаларды АХАТ-тарда төлқұжат үстелдерiнде, әлеуметтiк сақтандыру, медициналық, зейнетақымен қамтамасыз ету салаларында, салық және басқа да қызметтерде тiркеудiң барлық жүйесiн бiрыңғай қисынға бiрiктiру үшiн "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы мен ведомстволық ақпараттық жүйелер өзара iс-қимылының интерфейстерiн құру; ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi техникалық қолдау; заңды тұлғаларды тiркеудiң қазiргi жүйелерiн бiрыңғай "Заңды тұлғалар" деректер қорына бiрiктiру; "Қазақстанның ресурстары" МДҚ ақпараттық жүйесiне қойылатын талаптардың негiзiнде және геоақпараттық жүйелерiнiң қолданыстағы элементтерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын ұзақ мерзiмдi болжау үшiн кең ақпараттық негiз жасауға мүмкiндiк беретiн кешендi жүйенiң техникалық iске асырылуын қамтамасыз ету.
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
1. Құны: 82818 мың теңге (сексен екi миллион сегiз жүз он сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздерден кейiн "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы, "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиiлiк спектрiнiң мониторингi жүйесiнiң кiдiрiссiз қызметiн қамтамасыз ету ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру, радиожиілік спектрінің радиомониторингілеу жүйесін және азаматтық пайдаланымдағы радио сәуле шығару құралдарының деректерін есепке алу жүйесін техникалық сүйемелдеу
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жабдықтарды метрология мен стандарттаудың талаптарына жауап беретiндей техникалық жарамды жағдайда ұстау, телекоммуникациялар желiлерiне зерттеулер, лицензиялық қызметке тексерулер жүргiзу, заңсыз жұмыс iстейтiн берушi құралдарды анықтау мен радиобөгеуiлдердi жою кезiнде сапалы өлшемдер алу, радиожиiлiк спектрiн пайдалану процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
358-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай
жүйесiн құру"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 92995 мың теңге (тоқсан екi миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелімiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқармалық шешiмдердi қабылдаудың жеделдiгi мен сапасын көтеру; мемлекеттік бақылаудың барлық деңгейінде электронды құжаттарды өңдеудiң бiрыңғай технологиясын енгізу арқылы тұтастай алғанда мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және құжаттарды ұжымдық пайдалану тетiгінiң көмегiмен электронды құжат айналымының бiрыңғай идеологиясын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдардың арасында электронды құжат айналымын құру; басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудiң бiрыңғай технологиясын пайдалану және оқытуды жүргiзу; ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру, ақпараттың қосарланушылығын болдырмау және оның сенiмдiлiгiн, өзектілігiн және қауiпсiздiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌───┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬────────────────┐
│Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├───┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├───┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴────────────────│
│1 007 Мемлекеттік 1- Мемлекеттік Жыл Қазақстан │
│ органдардың органдар мен ішінде Республикасы- │
│ электрондық орталық тораптың ның Ақпарат- │
│ құжат айна- бiрыңғай электрон- тандыру және │
│ лымының ды құжат айналымы байланыс │
│ бірыңғай жүйесiн дамыту жөніндегі │
│ жүйесiн және әкiмшiлден- агенттігі │
│ құру дiру. │
│ 2. Бiрыңғай элек- │
│ тронды құжат айна- │
│ лымы жүйесiн оқыту- │
│ ды ұйымдастыру және │
│ жүргізу. │
│ 3. Техникалық │
│ құралдар сатып алу │
│ - 5 жиынтық. │
│ 4. Консалтингтiк │
│ қызмет көрсетулер │
│ мен жобаларды │
│ басқару жөніндегі │
│ қызмет көрсетулердi │
│ алу. │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік органдардың арасында электронды құжат айналымын құру, басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудiң бiрыңғай технологиясын пайдалану, ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру, ақпараттың қосаpланушылығын болдырмау, оның сенiмдiлiгiн, өзектілігiн және қауiпсiздiгiн арттыру; басқарушылық шешiмдер қабылдаудың жеделдiгi мен сапасын арттыру, ақпараттық технологиялардың жетiстiктерiн енгізу, құжаттаманы дайындау және онымен жұмыс iстеу процесiн жетiлдiру есебiнен мемлекеттік қызметшiлердiң еңбек өнiмдiлігін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
359-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 249901 мың теңге (екі жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мамандарды оқыта отырып мемлекеттік органдар электронды мұрағаттарының жүйесi мен мемлекеттік электрондық құжат айналымына қатысушылар ашық кiлттерiнiң инфрақұрылымын дамыту, Мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк-шаруашылық қызметi жөніндегі техникалық тапсырманы және үлгiлiк бағдарламалық қамтамасыз етудiң бiрiншi кезегiн әзiрлеу, Қазақстан Республикасы электронды ?кіметінiң Beб-порталын құру (1-кезек).