7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпараттық ресурстардың жай-күйi мониторингi жүйесiнiң жұмыс iстеуi мемлекеттік ақпараттық ресурстар туралы ақпаратқа тең құқықты регламенттiк қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, әзiрленетiн ақпараттық жүйелердiң сапасын көтеруге және мемлекеттік құрылымдар ақпараттық технологияларға инвестициялайтын қаражатты тиiмдi пайдалануға, қолданыстағы және тұрақты түрдегi өзектi мемлекеттік тiркелiмнiң деректерiн талдау негiзiнде мемлекеттік ақпараттық ресурстардың қауiпсiздiгi мен қорғалушылығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде пайдалану үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудiң сақталуы мен көбейтiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
1. Құны: 72207 мың теңге (жетпiс екі миллион екі жүз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 427 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде құрылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдар ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарының мемлекеттік тiркелiмiн қамтамасыз ету, ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн техникалық қолдау, Интернет-ресурстардың мониторингi, мемлекеттік органдар ресми электронды мекен-жайларының анықтамалығын өзектi ету, ақпараттық ресурстарды сараптау жүйелерiн қамтамасыз ету және мемлекеттік ақпараттық жүйелер бағдарламалық кодтарының депозитарилерi мен нормативтiк-техникалық құжаттамасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік тiркелiмнiң, депозитарийдiң деректер базасын өзектi ету, құрылатын ақпараттық жүйелерге сараптама жүргiзу, оларды талдау мен осы саладағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Интернет-ресурстардың мониторингiн жүргiзу, мемлекеттік органдардың қолда бар қазiргi заманғы интеграцияланған жүйелерiн бiрыңғай ақпараттық ортаға бiрiктiру; Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде құрылатын ақпараттық жүйелердi техникалық жағынан қолдау.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
362-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік қаржының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн құру"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 244320 мың теңге (екі жүз қырық төрт миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы; "Салық төлеушiлердiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiн енгізу жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi және ақпараттық жүйелер құрудың бiрыңғай әдiсiн жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдар үшiн бiрыңғай көлiктiк орта жасау, барлық мемлекеттік органдар бiрiктiрiлген жүйелерiнiң өзара iс-қимылы тетiгiн әзiрлеу, бiрiктiрiлген ақпаратқа регламенттi қол жетiмдiлiк жөніндегі нормативтiк құжаттар әзiрлеу.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Сандық көрсеткiштер:
Техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық.
Сапалық көрсеткiштер: "бiрыңғай көлiктiк ортаны құру жолымен мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiн қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың телекоммуникациялық шығыстарға жұмсалатын шығыстарын оңтайландыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
363-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әлеуметтiк-экономикалық дамудың мониторинг жүйесiн құру"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 23510 мың теңге (жиырма үш миллион бес жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы; "Салық төлеушiлердiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiн енгізу жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономика мен әлеуметтiк саладағы терiс процестердi уақтылы анықтау, алдын алу және жою үшiн мониторинг жүйесін құру; негiзгi статистикалық, экономикалық, әлеуметтiк, бухгалтерлiк, салықтық және өзге де көрсеткiштер бойынша жiктелетiн деректердi талдау мен статистикалық өңдеу мақсатында әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiнiң ақпараттық жүйесiн құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингi" ақпараттық жүйесiнiң тұжырымдамасын, техникалық тапсырмасын әзiрлеу және жүйенiң математикалық моделiн айқындау.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: аталған бағдарламаны iске асыру әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiнiң қазiргi заманға жүйесiн ұйымдастыруға, сөйтiп Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi экономикалық және әлеуметтiк дамуының өлшемдерiн жоғары ықтималдықпен болжауға мүмкiндiк беретiн пәрмендi құрал жасауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
364-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ауылдық аумақтардың пошта-жинақ жүйесiн дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңы; "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздағы № 268 қаулысы.