7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Астана қаласындағы сервер орталығының ғимаратын салуды жалғастыру.
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
1. Құны: 2511962 мың теңге (екi миллиард бес жүз он бiр миллион тоғыз жүз алпыс екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың қазiргi заманғы телекоммуникациялық қызметтерге қол жетiмдiлiгi, ауыл және қала халқының арасындағы өмiр сүру деңгейiне, білім алуына және басқа да әлеуметтiк қызметтерге қатысты теңсiздiктi жою, сондай-ақ азаматтардың ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуiне тең құқықтары мен мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауылдық елдi мекендерде қызмет көрсететiн байланыс операторларының шығынсыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ауылдық жерлерде әмбебап телекоммуникация қызметтерiн ұсынатын ауыл байланысы операторларының шығындарын қаржыландыру (дотациялау) тетiгiн енгізудiң нәтижесiнде 5170 ауылдық елдi мекендерде халық байланыс қызметтерiмен қамтамасыз етiлетiн болады. Байланыс қызметi рыногында ауылдық жерде қызмет көрсететiн жаңа операторлардың пайда болуы.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
367-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қалалық телекоммуникациялық желiлердiң абоненттерi болып табылатын,
әлеуметтiк қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттiк төлем
тарифiнiң көтерiлуiне өтемақыға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 476784 мың теңге (төрт жүз жетпiс алты миллион жетi жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: телекоммуникация қызмет көрсетулерiне арналған тарифтер көтерiлген жағдайда қалалық телекоммуникациялар желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын аз қамтылатын азаматтарды әлеуметтiк қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тарифтер көтерiлген жағдайда, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телекоммуникациялар қызметiн төлеуге тұрғын үй жәрдемақылары арқылы өтемақы төлеудi қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: аз қамтылатын азаматтардың материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қалалық телекоммуникациялар желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеуге арналған мақсатты трансферттер аудару.
*) Республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберіндегі iске асыру жөніндегі iс-шаралардың тiзбесi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
368-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақтелеком" АҚ қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн
көрсетулердi ұсынуға эксклюзив құқығының жойылғаны себептi шығындарын
өтеу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2299500 мың теңге (екi миллиард екi жүз тоқсан тоғыз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысы; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ДЭУ" Корпорациясының арасында 1997 жылғы 31 мамырда жасалған Сатып алу-сату туралы келісім; "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясының акцияларын сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 922 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын, оның iшiнде қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi рыногында ырықтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақтелеком" АҚ-тың қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетудiң эксклюзивтiк құқығы күшiн мерзiмiнен бұрын жою.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: телекоммуникация салаларын, оның iшiнде қалааралық және халықаралық байланысты одан әрi ырықтандыру; жаңа байланыс операторларының пайда болуы есебiнен телекоммуникациялық қызмет көрсету рыногындағы бәсекелестiктi дамыту.