7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жерасты, ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген стажы бар адамдарды жәрдемақы төлемдерімен уақытында қамтамасыз ету.
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
1. Құны: 3080948 мың теңге (үш миллиард сексен миллион тоғыз жүз қырық сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 14-бабы; "Бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бала тууына байланысты отбасыларын әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бала тууына байланысты он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: елдегi демографиялық ахуалды жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
110-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап
шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға
бiржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 197077 мың теңге (бiр жүз тоқсан жетi миллион жетпiс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларға, зейнеткерлерге қосымша әлеуметтiк көмек.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларға, зейнеткерлерге ақшалай өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌─────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬───────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├─────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼───────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
│─────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴───────────────┤
│ 1 008 Семей ядро- Біржолғы мемлекет- Жыл Қазақстан │
│ лық полиго- тік ақшалай өтем- ішінде Республикасы- │
│ нындағы ақылар бойынша ның Еңбек │
│ ядролық өткен жылдардың және халықты │
│ сынақтар берешегiн өтеу- әлеуметтік │
│ салдарынан Зейнеткерлерге, қорғау │
│ зардап шек- мемлекеттік әлеу- министрлігі │
│ кен зейнет- меттiк жәрдемақылар │
│ керлерге, алушыларға бiржолғы │
│ мемлекеттік мемлекеттік ақшалай │
│ әлеуметтiк өтемақылар төлеу. │
│ жәрдемақы Бiржолғы мемлекет- │
│ алушыларға тiк ақшалай өтемақы │
│ бiржолғы алушылардың болжам- │
│ мемлекеттік ды орташа жылдық │
│ ақшалай саны 15 250 адам │
│ өтемақылар болады. │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларды, зейнеткерлердi әлеуметтiк қолдау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
111-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мүгедектер мен ардагерлердi оңалту және әлеуметтiк қорғау"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 778795 мың теңге (жетi жүз жетпiс сегiз миллион жетi жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 19, 35-баптары; "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 15-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде 1999 жылғы 19 мамырда № 763 тiркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрінің "Қазақстан Республикасының халқына протез-ортопедиялық көмек көрсетудiң тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 2 сәуірдегі № 88-ө бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердi және ардагерлердi оңалту және әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: протездеу жөнiнде медициналық қызмет көрсету және протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды сурдоқұралдармен қамтамасыз ету және оларға есту протез көмегін көрсету, көру жөнiнен мүгедектерді, оның iшiнде мүгедек балаларды тифлоқұралдармен қамтамасыз ету.
Мүгедектер мен ардагерлердi санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жоғарғы және төменгi буындарды протездеуге мұқтаж мүгедектердi оңалту, протез-ортопедиялық бұйымдарымен, оның iшiнде жаңа технология бойынша жасалған протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету; сурдотехникамен қамтамасыз ету және естiмейтiн мүгедектердi оңалту; тифлотехникамен қамтамасыз ету және көру қабiлетi нашар мүгедектердi оңалту; мүгедектер мен ардагерлердi санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
112-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақталған азаматтар-жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарына бiржолғы
ақшалай өтемақы"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 854119 мың теңге (сегiз жүз елу төрт миллион бiр жүз он тоғыз мың теңге).