7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан киiлетiн нәтижелер: iшкi қаражаттар есебiнен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес - 374,24 км автожолдар салынады және қайта жаңартылады, су тасқынынан бұзылу зардаптары жойылады және 3586 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға арналған жобалау-iздестiру құжаттамасы әзiрленедi; келісiм-шарттың шарттарына және жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес белгiленген мерзiмде сыртқы заемдар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебiнен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту және оңалту.
Бюджеттік бағдарламаны орындау жолдардың техника-пайдаланымдық жай-күйiн арттыру, республикалық және халықаралық қатынастағы автомобиль жолдарында көлiк құралдарының қауiпсiз және үздiксiз өтуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ автомобиль жолдарын қалпына келтiру жөніндегі инвестициялық жобалардың жобалық-сметалық құжаттамалардың және техника-экономикалық негiздемелердiң мемлекеттік және экологиялық сараптамасын әзiрлеу мен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
124-қосымша
ҚР Үкіметінің 29.05.04 ж. № 197д; 07.06.04 ж. № 197ж қаулыларымен 124-қосымша өзгертілді
215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделi, орташа және ағымды
жөндеу, ұстау, көгалдандыру, диагностика және
аспаптық құралдармен тексеру"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10421429 мың теңге (он миллиард төрт жүз жиырма бір миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы; "Жол саласының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автожолдар бойынша көлiк құралдарының қауiпсiз және үздiксiз өтуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автожолдарды күрделi, орташа және ағымдағы жөндеу, көгалдандыру және көп ұстау мен пайдаланымдық қызмет көрсету жөнiнде жұмыстарды жүргiзу.
ҚР Үкіметінің 2004.09.12 № 1293 қаулыcымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.