2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 122-140-қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 13.04.04 ж. № 409; 14.05.04 ж. № 541; 29.05.04 ж. № 197д; 07.06.04 ж. № 197ж; 23.06.04 ж. № 197к; 09.08.04 ж. № 197м; 19.08.04 ж. № 197н; 04.10.04 ж. № 197т; 2004.09.12. № 1293; 2004.27.12. № 197аэ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан киiлетiн нәтижелер: iшкi қаражаттар есебiнен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес - 374,24 км автожолдар салынады және қайта жаңартылады, су тасқынынан бұзылу зардаптары жойылады және 3586 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға арналған жобалау-iздестiру құжаттамасы әзiрленедi; келісiм-шарттың шарттарына және жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес белгiленген мерзiмде сыртқы заемдар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебiнен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту және оңалту.

Бюджеттік бағдарламаны орындау жолдардың техника-пайдаланымдық жай-күйiн арттыру, республикалық және халықаралық қатынастағы автомобиль жолдарында көлiк құралдарының қауiпсiз және үздiксiз өтуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ автомобиль жолдарын қалпына келтiру жөніндегі инвестициялық жобалардың жобалық-сметалық құжаттамалардың және техника-экономикалық негiздемелердiң мемлекеттік және экологиялық сараптамасын әзiрлеу мен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

124-қосымша

ҚР Үкіметінің 29.05.04 ж. № 197д; 07.06.04 ж. № 197ж қаулыларымен 124-қосымша өзгертілді

215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделi, орташа және ағымды

жөндеу, ұстау, көгалдандыру, диагностика және

аспаптық құралдармен тексеру"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 10421429 мың теңге (он миллиард төрт жүз жиырма бір миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы; "Жол саласының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автожолдар бойынша көлiк құралдарының қауiпсiз және үздiксiз өтуiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автожолдарды күрделi, орташа және ағымдағы жөндеу, көгалдандыру және көп ұстау мен пайдаланымдық қызмет көрсету жөнiнде жұмыстарды жүргiзу.

ҚР Үкіметінің 2004.09.12 № 1293 қаулыcымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

   

ҚР Үкіметінің 2004.09.12 № 1293 қаулыcымен 7-тармақ өзгерді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республикалық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу, күтiп ұстау және көгалдандыру, 65 км және 12 көпiрдi күрделi жөндеу, 1462,9 км орташа жөндеу және 16/568 дана./қ.м. көпiрлер мен құбырларды жөндеу және 161 дана жол-пайдалану техникасын сатып алу.

Жоғарыда көрсетiлген iс-шараларды орындау, жолдардың одан әрi бұзылуын тоқтатуға, республика өңiрлерiнiң арасындағы көлiк қатынасының техникалық жағдайын сүйемелдеуге және қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi және автокөлiк тасымалдарының құнын төмендетуге, қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыруға әкелiп соқтырады.

Жұмыстар сапасын күрделi, орташа жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдау нұсқаулығына және Қазақстан Республикасындағы жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды жiктеуге сәйкес Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары бақылайды.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

125-қосымша

215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Су жолдарының кеме жүретiн жағдайда болуын қамтамасыз

ету және шлюздердi ұстау"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 772797 мың теңге (жетi жүз жетпiс екi миллион жетi жүз тоқсан жетi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 9-бабы; "Қазақстан Республикасының мeмлекеттiк iшкi су жолдары туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1429 қаулысы; "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерінiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi су жолдарында кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: навигациялық жабдықтар белгiлерi мен керек-жарақтарды қою және күтiп ұстау арқылы кеме жүрiсiнiң кепiлдендiрiлген көлемдерiн қамтамасыз ету, түбiн тереңдету (жер қарпу), түзету, түбiн тазарту жұмыстарын атқару, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздердi) қауiпсiз жай-күйде күтiп ұстау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

   

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: су жолдарының ұзақтығы 3912 км учаскелерiнде навигациялық жабдықтар белгiлерiн қою (алып тастау) және сандық көрсеткiштер: