2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 122-140-қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 13.04.04 ж. № 409; 14.05.04 ж. № 541; 29.05.04 ж. № 197д; 07.06.04 ж. № 197ж; 23.06.04 ж. № 197к; 09.08.04 ж. № 197м; 19.08.04 ж. № 197н; 04.10.04 ж. № 197т; 2004.09.12. № 1293; 2004.27.12. № 197аэ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

оларға қызмет көрсету;

1550 мың текше м. көлемiнде түбiн тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар;

55 мың текше м. көлемiнде түзету жұмыстары;

10700 тонна көлемiнде түбiн тазалау жұмыстары;

флотты жөндеу: ағымдық 65 бірлiк, орташа 19 бірлiк;

мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның iшiнде:

1) тiркеп сүйрегiш теплоход - 2 бірлiк;

2) КПЛ-5-30 жүзбелi кран - 2 бірлiк;

3) жабдықтау теплоход - 1 бірлiк;

4) баржа - 1 бірлiк;

сапалық көрсеткiштер:

ұзақтығы 3912 км қызмет көрсетiлетiн учаскелерде кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

гидротехникалық құрылыстарды (Өскемен мен Бұқтырма шлюздерi) күтiп ұстауды қамтамасыз ету;

Өскемен мен Бұқтырма шлюздерiнiң авариясыз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар жоспарын iске асыру жөніндегі жұмыстар.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

126-қосымша

215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Әуе көлiгi инфрақұрылымын дамыту"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 14397941 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз қырық бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 64-бабы; "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысы; "Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы; "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ-ты 2003-2005 жылдарға арналған дамыту жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 369 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласындағы әуежайдың техникалық параметрлерiнiң халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету, жолаушыларға сапалы және қолайлы қызмет көрсету. Ақтөбе қаласының әуежайында ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының транзиттiк әлеуетiн кеңейту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалын салу, әуежай инфрақұрылымын құру. Ақтөбе қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ғимараттар мен жапсарлас құрылыстарды салу - Келісім-шарттардың құнынан 80% мөлшерiнде; орындалған жұмыстардың сапасы Құрылыс нормалары мен ережелерiне (ҚНжЕ) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес анықталады; халықаралық және iшкi рейстердiң санын ұлғайту, ұшу қауiпсiздiгiн арттыру, халықаралық тәжiрибе мен технологияларды жергiлiктi мердiгерлiк, жобалау және консультациялық ұйымдарға беру. Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды аяқтау, Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайдан әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының авиациялық транзиттiк мүмкiншiлiктерiн арттыру.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

127-қосымша

215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Астана қаласындағы халықаралық әуежай құрылысын кредиттеу"

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 2357240 мың теңге (екi миллиард үш жүз елу жетi миллион екi жүз қырық мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы; "Астана қаласындағы халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысы; "Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы; "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ-ты дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 369 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласындағы әуежайдың техникалық параметрлерiнiң сәйкестiгiн қамтамасыз ету және жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалын салу, әуежай инфрақұрылымын құpу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

   

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ғимараттар және оған жапсарлас құрылыстарды салу - Келісім-шарт құнынан 20%; орындалған жұмыстар сапасы Құрылыс нормалары мен ережелерiне (ҚНжЕ) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес анықталады. Халықаралық және iшкi рейстер санын ұлғайту, ұшу қауiпсiздiгiн арттыру.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

128-қосымша

215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Темір жол көлiгi инфрақұрылымын дамыту"

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 8102500 мың теңге (сегiз миллиард бір жүз екi миллион бес жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық жабық теміржол желісін қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасының көлiктiк егемендiгiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алтынсарин-Хромтау теміржол желісін салу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

   

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: құрылысты аяқтау және жаңа темір жол желісін пайдалануға енгізу.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

129-қосымша

215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Көлiк және коммуникациялар саласындағы қолданбалы

ғылыми зерттеулер"

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 121200 мың теңге (бір жүз жиырма бір миллион екi жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы; "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысы; "Қазақстан Республикасының халықаралық көлiк дәлiздерiн дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 566 қаулысы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы; "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: автожол саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу; республиканың көлiк магистралдары бойынша транзиттiк және экспорттық-импорттық тасымалдардың көлемiн көбейту және тиiмдiлiгiн арттыру үшiн Қазақстанның транзиттiк-көлiктiк әлеуетiн жетiлдiру мен дамытуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық, экономикалық және қаржылық сипаттағы өзектi өзара байланысқан шаралардың кешенiн белгiлеу және iске асыру, сондай-ақ осы шараларды iске асыру жөніндегі iс-қимылдарды нақтылау және оларды жүзеге асырудың орынды кезеңдiлiгiн белгiлеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғылыми зерттеулердi жүргiзу, нормативтiк деректер базасын жаңарту және халықаралық талаптарға сәйкес автожол саласындағы ұлттық нормативтiк-техникалық құжаттарды жетiлдiру. Қазақстан Республикасының транзиттiқ-көлiктiк әлеуетiнiң қазiргi жай-күйiн талдау, транзиттiк-көлiктiк әлеуеттi дамыту бойынша негiзгi бағыттар мен iс-шараларды пысықтау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

   ┌────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬──────────────────┐
   │ Рет│Бағ-│Кiшi │   Кіші    │   Бағдарламаны   │ Іске  │   Жауапты        │
   │ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│    іске асыру    │ асыру │ орындаушылар     │
   │ ны │лама│дар- │  лардың   │    жөніндегі     │мерзімі│                  │
   │  N │коды│лама │  атауы    │    іс-шаралар    │       │                  │
   │    │    │коды │           │                  │       │                  │
   ├────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼──────────────────│
   │  1 │  2 │  3  │     4     │         5        │   6   │      7           │
   ├────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴──────────────────┤
   │ 1   010       Көлiк және   10 тақырып бойынша  Жыл    Қазақстан         │
   │               коммуни-     жол саласындағы     бойы   Республикасы-     │
   │               кациялар     қолданбалы ғылыми          ның Көлiк         │
   │               саласындағы  зерттеулер мен             және коммуни-     │
   │               қолданбалы   мемлекеттік                кациялар          │
   │               ғылыми       ғылыми-техникалық          министрлігі       │
   │               зерттеулер   сараптамалар                                 │
   │                            жүргiзу 2 тақырып                            │
   │                            бойынша транзиттiк                           │
   │                            әлеует саласында                             │
   │                            қолданбалы ғылыми                            │
   │                            зерттеулердi                                 │
   │                            әзiрлеу.                                     │
   │                            1 тақырып бойынша                            │
   │                            аэроғарыш саласында                          │
   │                            қолданбалы  ғылыми                           │
   │                            зерттеулер жүргiзу.                          │
   └─────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
 

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ толықтырылды

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 1) Жол саласын нормативтiк-техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету үшiн жол саласындағы 10 нормативтiк-құқықтық құжатты, сондай-ақ жаңа прогрессивтi технологиялардың ғылыми әзiрленуiн және олардың енгiзiлуiнiң дайындығы. Орындалған жұмыстардың сапасы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Ғылыми-сараптау кеңесiнiң қорытындысымен белгiленедi.