7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: iшкi бағыттарда тұрақты жолаушылар ағымын және жеткiлiктi табыстылық деңгейiн қамтамасыз ету және жолаушылар ағымын 54%-ға дейiн ұлғайту.
1. Құны: 797352 мың теңге (жетi жүз тоқсан жетi миллион үш жүз елу екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 9-бабы; "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 64-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ертіс өзенiнде толассыз кеме қатынасын және Орал-Каспий каналы бойынша кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Шульба шлюзiнiң құрылысы, Орал-Каспий каналын қайта жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Шульба шлюзының құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру;
Орап-Каспий каналында жұмыстардың сметалық құнынан 50,5% түбiн тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
134-қосымша
215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының ғарышкер үмiткерлерiн дайындау"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14029 мың теңге (он төрт миллион жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттiгi арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерiне кандидаттардың Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында жалпығарыштық дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 2 маусымдағы № 510 қаулысы; "Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкерлiкке кандидаттарын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 3 маусымдағы № 522 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықаралық ғарыш станциясында ұшу және ғарыштық зерттеулер мен тәжiрибе жасаудың қазақстандық бағдарламасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ғарышкерiне Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында (Мәскеу қаласы) екi кандидатты даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғарышкерге екi кандидатты Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында (Мәскеу қаласы) болуы және оқуы үшiн жағдайды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттардың оларға "ғарышкер" біліктiлiгiн берумен жалпығарыштық даярлығы бағдарламасын талап етiлетiн көлемде орындауы және келесi - арнайы ғарыштық дайындық кезеңiне өту әзiрлiгi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
135-қосымша
215 - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекетаралық әскери тасымалдаулар бойынша өткен
жылғы мiндеттемелердi орындау"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 308282 мың теңге (үш жүз сегiз миллион екi жүз сексен екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң сыртқы шекараларын қорғау мүддесiнде оларды қамтамасыз ету үшiн шекаралық әскерлердi және жүктердi мемлекетаралық әскери тасымалдау туралы" 1994 жылғы 8 қыркүйектегi келісім; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 35-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Шекаралық әскер және жүктердiң әскери тасымалдарын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының әскери тасымалдар бойынша шығындарын өтеу үшiн қаражат аудару.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
┌────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬───────────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼───────────────────│
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴───────────────────┤